» » Nur-Sultan Ethno Fest Ұлттық құндылықтарды қайта жаңғыртты ГлавнаяForbes LifeСтиль

Nur-Sultan Ethno Fest Ұлттық құндылықтарды қайта жаңғыртты ГлавнаяForbes LifeСтиль

Тұңғыш фестиваль қалай өтті, «Алтын жебе» Әлем чемпионатының жеңімпазы кім?

Фото: Архив пресс-службыАйта кетейік, 2019 жылдың 30 мамыры мен 2 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы бірлесіп «Nur-Sultan Ethno Fest» мерекесін өткізген еді. Төрт күн бойы Ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылды, ұлттық салт-дәстүр салтанат құрды. Шараның мақсаты қандай? Қандай мемлекеттер қатысты, кімдер топ жарды? Бұл жайында Forbes. кz тілшісіне сұхбат берген ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай айтып береді.
F: Айтыңызшы, «Nur-Sultan Ethno Fest» мерекесі қандай мақсатта ұйымдастырылды?
Бұл фестивальды өткізудегі басты мақсат – жастарымыз бен бүлдіршіндеріміздің ұлттық спортқа, ұлттық салт-дәстүрге деген қызығушылығын арттыру. Көздеген мақсатымыздың үдесінен шықтық деп ойлаймын.
Елордамыздың төрінде «Хан-Шатыр» кешені маңында 30 мамыр – 2 маусым аралығында тұңғыш рет өткен «Nur-Sultan Ethno Fest» мерекесі өз мәресіне жетті.Осы күндері қала қонақтары мен тұрғындары қазақтың салт-дәстүрі мен мәдениетімен, ұлттық ойындары мен спортымен жақын танысуға мүмкіндік алды. Мереке аясында аударыспақ, көкпар, теңге ілу спортының көріністері көрсетіліп, бірінші рет найзагерлік, қамшыгерлік атты дәстүрлер қайта жаңғырды.
Дәстүрлі садақ ату, қазақша күрес, асық ату, ләңгі тебу, арқан тарту, қол күрес сияқты ондаған ойындар бұқаралық сипатқа ие болды.
Қазақтың ұмытыла бастаған тезге салу, арқан өру, түйеге жүк арту, ши тоқу өнерлері жаңғырып, қолданыстағы ескі сөздердің көріністері көрсетілді. «Алтын домбыраның» екі дүркін жеңімпазыМұхтар Ниязов бастаған ақындар тобы қыз бен жігіт айтысы, әзіл айтысты көрермен назарына ұсынды. Этноқалашықта тұңғыш рет балаларға этноаттракциондар қойылды.
F: Фестиваль аясында өткен «Алтын жебе» І Әлем чемпионаты туралы айтып өтсеңіз? Әлем чемпионы атанған Ералхан Айкөз туралы не айтасыз?
– Фестивальдің ең басты спорттық шарасы – ат үстінен садақ атудан І Әлем чемпионаты әлемнің 12 елінен 25-ке жуық спортшыны жинады. Бұл Әлем чемпионаты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің күнтізбелік жоспарын сәйкес өтті.
 Америка, Азия, Европа құрлықтарының мергендері «Азия стилі», «Түрік стилі» және «Қазақ стилі» бойынша сынға түсті.
Чемпионаттың жаңалығы – 20 жасар қазақстандық мерген Ералхан Айкөз 175,57 ұпаймен топ бастап, Әлем чемпионы атанса, моңғолиялық Эрденесувд Эрдене – күміс, оңтүстік кореялық Ли Сунг Хо қола жүлдеге қол жеткізді. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 4 миллион теңгені құрады.
Негізгі бәсеке 1-2 маусым күндері өтті. 1 маусым күні «Азиялық стильде», ал, 2 маусым күні «Түрік стилі» мен «Қазақ стилі» бойынша өткен мергендік бәсекелері аяқталып, осы үш жарыстың қорытынды нәтижелері бойынша І Әлем чемпионатының жеңімпаздары анықталды. Спортшыларға бесінші орынға дейін жүлде берілді.
Әрине, ат үстінен садақ атудан тұңғыш өткен Әлем чемпионатында жеңімпаз атанған спортшымызЕралхан Айкөз туралы көп айтуға болады. Ол бұл атақты көп жылғы төккен терінің, адал еңбегінің арқасында иеленді. Ералхан мерген Түркістан облыстық ұлттық спорт мектебінің түлегі. Ұзақ жыл еліміздегі ұлттық спорттың дамуына үлкен үлес қосып келген, тәжірибелі ұстаз Ғани Ахметбаевбасқаратын бұл ұлттық спорт мектебінен бұған дейін де аударыспақ пен көкпардан Азияның, Әлемнің чемпиондары шыққан болатын.
 Ералхан Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Майбұлақ ауылында 1999 жылы дүниеге келген. Ол жамбы ату спортымен 2014 жылдан бастап шұғылдана бастаған. 2015 жылғы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында 16 жасар Ералхан жеңімпаз болды. Түркістан облыстық ұлттық спорт мектебінің шәкірті бұл нәтижені 2017 жылы да қайталады.
2018 жылы жастар арасындағы елішілік чемпионаттың жеңімпазы, 2019 жылы күміс жүлдегері болды. Сондай-ақ, Ералхан Айкөз биылғы жылы Алматыда өткен жастар арасындағы І Азия чемпионатында күміс жүлдені және ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында қола жүлдені жеңіп алған.
Ералхан халықаралық жарыстың додасында да шыңдалып үлгерген мерген. Венгрияда, Түркияда өткен фестивальдарға қатысты. Елордада 2017 жылы жамбы атудан тұңғыш ұйымдастырылған «Алтын жебе» халықаралық турнирінде ол қола жүлдеге қол жеткізді. Әлемнің айтулы мергендері бақ сынаған мұндай ірі жарыста 18 жасар бозбаланың жүлде алуы үлкен жетістік еді.
2018 жылы екінші мәрте өткізілген «Алтын жебе» халықаралық турнирінде Ералхан күміс жүлдені қанжығасына байлады. Енді міне, осы жолы ел намысын қолдан бермей, Әлем чемпионы атанды.
F: «Nur-Sultan Ethno Fest» мерекесінің тамашалаушылары көп болды ма?
- Әрине, өте көп болды деп айта аламын. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырған этнофестивальға төрт күн ішінде 30 мыңға тарта көрермен жиылды.
Әлем чемпионаты мен ересектер және балалар арасында өткен бұқаралық ойындардың жеңімпаздары қаржылай және арнайы дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ, фестивальға қарттар үйінің тұрғындары мен балалар үйінің тәрбиеленушілері арнайы шақырылып, этноқалашықта экскурсия ұйымдастырылып, оларға естелік сыйлықтар табысталды.
Фестиваль қорытындысында ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне 5000 асықпен балаларға арналған алтыбақан, киіз үй, құрық тастау, садақ ату алаңдары бар этноаттракциондарды сыйға тартты.
«Nur-Sultan Ethno Fest» мерекесі - қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдениетімізді, дәстүрімізді, ұлттық спортымыз бен ойындарымыздың басын біріктірген бірегей жоба. Тұңғыш рет өтіп жатқан ұлттық дүниеміздің насихаты, салт-дәстүр салтанат құратын фестиваль алда да жалғасын табады деп ойлаймын.
16 шілде 2019 ж. 640 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 045

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031