» » Астанада велошеру өтті

Астанада велошеру өтті

Астанада велошеру өтті
Шынықсаң шымыр боласың. Сенбінің таңын астаналықтар сергек бастады.
Спорт күніне арнап шаһар тұрғындары мен еріктілер және әуесқой спортшылардың қатысуымен бұқаралық велошеру өтті. Оған ниет білдірген кез келген адам қатыса алады. Басты талап жеке велосипедің мен басқа киетін дулығаң болуы керек. Бүгінгі шараға 500 -ге жуық адам қатысты. Араларында бес жасар баладан бастап, жетпістен асқан қарттар да бар. Велошеруді қала әкімдігі мен спорттық бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы ұйымдастырды. Мақсат - елімізде бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір сүруді халыққа кеңінен насихаттау. Велошеру «Рәміздер» монументінен бастау алып, «Астана Аренада» мәресіне жетті. Жарыс соңында қатысушылар арасында ұтыс ойындары ойнатылды.
Берік Маржықбаев, Мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары:
- Астана спорт күнімен шын жүректен құттықтағым келеді. Бәріңізге зор денсаулық тілеймін Осы спорттық шараға байланысты түпкір-түпкірде, қалада 20 спорт жарыстары өтіп жатыр. Бүгін регистрациядан 480 адам өтті. Өздеріңіз көрдіңіздер бес жастағы баладан ветерандар бар, 76-ға келген ағаларымыз бар. Мен өте қуаныштымын.

18 тамыз 2018 ж. 1 487 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 849
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 530

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930