» » ОБЛЫС ӘКІМІ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ЖӘНЕ ЖАСТАРМЕН БІРГЕ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗДЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ЖӘНЕ ЖАСТАРМЕН БІРГЕ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗДЫ

Бірлік күні Қызылорда өңірінде аға буын өкілдері мен жастар Тұңғыш Президент саябағына келіп, түрлі көшет отырғызды. Игі іс-шараға зиялы қауыммен бірге облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, жастарға сүйікті қала Қызылорданы жасыл-желекке айналдыру ортақ мақсат екенін жеткізді. Сондай-ақ, тұрақтылық пен татулық бірліктің басты құндылықтары екенін еске салды.

Саябақ алаңын жасыл желекке көмкерген жастар ардагерлермен бірге түрлі көшеттер мен өмір ағашын (туя), отырғызды.
Айта кетейік, әр апта сайын қызылордалықтар экологиялық акцияға үн қосып, қала тазалығына белсенді түрде атсалысып келеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

01 мамыр 2022 ж. 863 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 629
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 408

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031