» » Ойын алаңы салынды

Ойын алаңы салынды

ЖОСАЛЫ, 6 қараша - qarmaqshy-tany.kz"Менің Елім" қайырымдылық жобасы шеңберінде Жосалы кентінің әкімшілігі «Samruk-Kazyna Trust» Корпоративтік қорымен тығыз байланыста қарым-қатынас орната отырып, қордың демеушілігімен құны 56 млн теңге тұратын инвистиция тарту арқылы Жосалы кентінен спорт жабдықтарымен қамтылған ойын алаңының салынуына ықпал етті. Жосалы кентінің әкімшілігі ойын алаңы үшін кент орталығынан қолайлы жерді таңдап, рәсімдеп, жарығы мен суын тартып берді. 
Нәтижесінде «Жосалы кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Мастер Кап Строй» ЖШС және «Samruk-Kazyna Trust» Корпоративтік қорымен үш жақты келісім шартқа отырып, «Samruk-Kazyna Trust» Корпоративтік қорының демеушілігімен Жосалы кенті Т.Құлмұратов көшесі №12 мекен жайынан балалар ойын кешені, көше тренажерлары және шағын футбол алаңы салынуда. 
Бұл өз кезегінде тұрғындардың саламатты өмір салтын ұстанып, бос уақыттарында спортпен шұғылдануына бірден бір мүмкіндік жасалып отыр. 
Осындай игілікті шаралардың басы-қасында жүрген «Samruk-Kazyna Trust» Корпоративтік қорына алғыс айта отырып, жоба аясының кеңейіп, жалғасын табуына тілектеспіз, деп жазады Жосалы кентінің әкімі Ш.Сыдықов фесбук парақшасында.

06 қараша 2019 ж. 1 214 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 845
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 566

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930