» » Қармақшыда балаларды қорғау күні аталып өтті

Қармақшыда балаларды қорғау күні аталып өтті


Жаз маусымының алғашқы күні, яғни 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты мереке ауданымыздың орталық алаңында өтті.
Аудан әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған мерекелік шарада бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салды. Мерекенің шырайын келтірген ертегі кейіпкерлері балаларға қызықты ойындар ойнатты.
Шара барысында аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов құттықтау сөз алып, бүлдіршіндерге ыстық лебізін білдірді.
Бүгінгі мереке қарсаңында «Дәметкен Ана» демеушілігімен 1 балалар ойын алаңы ашылып, биылғы «Балалар жылы» қарсаңында да Жосалы кенті бойынша Тәуелсіздік ықшам ауданында және Тайшық би көшесінде орналасқан бұрынғы «Марал баба» мешіті орнына балалар ойын алаңдары салынатынын, одан бөлек облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес бюджеттен тыс көздерден 5 балалар ойын алаңын салу жоспарлануда екенін жеткізді.
Сонымен қатар аудандық кәсіпкерлердің қолдауымен әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына 50 дана велосипед табысталып, 1000-нан аса балаларға құйылмалы балмұздақтар мен балалар игілігі үшін, ойын-сауық (батут) құралдары тегін қызмет көрсетті.

01 маусым 2022 ж. 1 180 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 920
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 563

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930