» » Түйіні тарқамас шаруа жоқ

Түйіні тарқамас шаруа жоқ


АУДАН ӘКІМІ ӘДІЛБЕК ЕРСҰЛТАНОВ КӨШЕНЕЙ РҮСТЕМБЕКОВ АТЫНДАҒЫ АУДАНДЫҚ ЖЫРАУЛАР ҮЙІНДЕ ХАЛЫҚТЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАУ МАҚСАТЫНДА КЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ. ОҒАН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ, АУДАНДЫҚ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ МЕН ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ҚАТЫСТЫ.
Кездесу әуелі әкімнің хабарламасынан басталды. Аудан басшысы алдымен Президент Жолдауындағы басым бағыттар мен осы жылдың өткен мерзіміндегі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы баяндап, өңірдің даму көрсеткіштеріне қысқаша шолу жасап, алдағы жоспар, міндеттерімен бөлісті.
– Биылғы жылы Жосалы кентіндегі өзекті саналатын жол мәселесіне байланысты жүйелі жұмыстар жүргізілмек. Атап айтқанда, облыстық бюджет қаражаты есебінен Жосалы кентінің топырақты және жауын күндері батпақ болатын 12 көшесіне орташа жөндеу жүргізіледі. Сондай-ақ, аудандық бюджет қаражаты есебінен Жосалы кентінің Тайшық би көшесінде «Сыр сүлейлері» аллея­сын және бұрынғы «Марал баба» мешітінің орналасқан орнына демалыс алаңын салу жоспарланып отыр. Осы мақсатта, қазіргі таңда Тайшық би көшесіне абаттандыру, жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқ су арықтарына бетонды лоток жүйесі мен кіші архитектуралық формалар орнатылуда. Сонымен қатар, биылғы жылы Жосалы кенті бойынша 4 спорт алаңын салу, Е.Сексенбаев көшесін абаттандыру, «2022 жыл – Балалар жылына» орай Тәуелсіздік ықшам ауданында балалар ойын алаңын салу жоспарланып отыр, – деді аудан әкімі Әділбек Бөрібайұлы.
Одан бөлек, оқушыларға білім алуға қолайлы жағдай жасау үшін 3 білім беру ордасына күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп жатқанын да тілге тиек етті.
Жиын соңында аудан басшысы өңір экономикасы мен халықтың тұрмыс-тіршілігін арттыруға бағытталған игі істер жалғасын таба беретінін жеткізіп, әрі қарай тұрғындардың қойған сұрақтары мен ұсыныс-пікірлеріне жауап берді.
Сұрақ-жауап кезінде тұрғындар бірнеше мәселені алға тартты. Көше бойындағы жарық шамдардың толық әрі дұрыс жанбауы, көше тазалығы, жолдарды жөндеу, белгіленбеген жерлерге қоқыс төгу және тағы да басқа сұрақтар талқыға түсті. Айтылған мәселелерге орай аудан әкімі және тиісті мекеме басшылары жан-жақты жауап берді. Сондай-ақ жиында сұрақ ретінде айтылған ұсыныстар мен мәселелер хаттамаға енгізіліп, аудан әкімі бұл мәселенің барлығы назарға алынатынын айтты. Тұрғындардың талап-тілегін мұқият тыңдаған Әділбек Ерсұлтанов қашанда ашық диалогқа дайын екенін және мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
24 мамыр 2022 ж. 588 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 197

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 147

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 312

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930