» » Келелі мәселелер көтерілді

Келелі мәселелер көтерілді

Жуырда аудан әкімдігінде мәжіліс жиыны өтті. Оған облыстық мәслихат депутаттары Темірхан Әлімқұлов, Әнуар Дәуленбаев, Райкүл Байназарова, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Шолпан Оралбайқызы, облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Әбдіхалықов, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Алтын Есқараевалар мен аудандық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары қатысты. Жиынды аудандық мәслихат хатшысы Марат Наятұлы жүргізіп отырды.Күн тәртібінде екі мәселе көтерілді. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету ар­қылы қолдау туралы» Қазақстан Рес­публикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі №343 Заңының Қармақшы ауданында орындалуы жайында аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев баяндама жасады.
– Аудан бойынша ерекше білімге қа­жеттілігі бар бала саны 551-ді құрайды. Оның ішінде мектепке дейінгі жастағы 89 бала, мектеп жасындағы 462 бала бар. Олардың 74-і арнайы оқумен қамтылса, 121-і үйден оқиды. Әлеуметтік көмекке мұқтаж деп танылған – 117 бала тиісті қорытынды алып әлеуметтік қызметпен қамтылған. Алдағы уақытта аудандағы 11 мектепке ерекше білім алу қажеттілігі бар бала болуына байланысты педагог-дефектолог маманмен қамтамасыз ету мақсатында 13 млн 918 мың теңге қаржы қажеттілігі туындап отыр. Осы мәселенің облыстық бюджеттен шешімін табуға қолдау көрсетуді сұраймын, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бо­йынша «Облыстағы жергілікті автомобиль жолдарының жайы және оны жақсарту шаралары туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 шілдедегі №107 шешімінің орындалу барысы» туралы аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаевтың баяндамасы тыңдалды.
– Осы жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде Жосалы кентінің 8 көшесіне, атап айтқанда Қасымов, Рысқұлов, Сексенбаев, Ораз ахун, Ібаш жырау, Наметша, Нұртай, Қайырбекұлы көшелеріне орташа жөндеу жұмысын жүргізуге республикалық және облыстық бюджет есебінен 314,5 млн теңге бөлініп, бұл жұмыстар толық аяқталды. Ендігі кезекте «Қызылтам елді мекеніне кіре беріс» автомобиль жолына қайта жаңғырту жұмысын жүргізуге 386,0 млн теңге, Марал ишан кесенесіне кіре беріс автомобиль жолына күрделі жөндеу жүргізуге сметалық құжаттамасын рәсімдей отырып, жөндеу жұмысын жүргізуге қаржы бөлу қажет. Төретам кентінің 25 көшесіне орташа жөндеу жұмысын жүргізуге 574,5 млн теңге, Ақай ауылдық округіндегі Абай көшесіне орташа жөндеу жұмысын жүргізуге 43,7 млн теңге, ІІІ Интернационал ауылдық округіндегі Амангелді, Қашқансу, Қазақ, Астана тұйығы, Пак Чен Ир көшелеріне орташа жөндеу жұмысын жүргізуге 153,2 млн теңге, Жосалы кентінің бір қатар көшелерін орташа жөндеуге 788,2 млн теңге бөліну қажет, – деді Ж.Сүйеубаев.
Жиын соңында Ақай ауылы мен Төретам кенті, Байқоңыр қаласынан тү­зету кабинетін ашу мүмкіндігі қа­растырылса деген ұсыныс айтылды. Сонымен қатар тірек-қимылы бұзылған балаларды мектепте оқытуға жағдай жасалуы тиіс. Ауданда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қажеттілікті талап ететін балаларға бірдей жағдай жасалуы міндетті. Қатысушылар осы мәселені назарға алып жұмыс істеуге ұсыныс білдірді.

Ақнұр САҒЫНТАЙ
17 қыркүйек 2019 ж. 678 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 053

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031