КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА МӘЖІЛІСІ
Аудандық санитариялықэпидемиологиялық бақылау басқармасында осы жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстарды қорытындылауға арналған кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.
Оны басқарма басшысы А.Ідірісова ашып, күн тәртібіндегі негізгі мәселелерге тоқталды.
Кеңейтілген мәжіліс барысында санитариялықэпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстар талқыланып, жауапты бөлім мамандарының баяндамалары тыңдалды.
Атап айтқанда, санитариялық-гигиеналық бақылау және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің басшысы А.Әлиева биылғы жылдың алты айының қорытындысы бойынша өнеркәсіптік және радиациялық қауіпті объектілерді бақылау мен қадағалау бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Сонымен қатар білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына жүргізілген талдау нәтижелерін таныстырды.
Қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы Н.Бейбітов мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің орындалу барысы, өтініштердің қаралу нәтижелері және қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында жүргізілген жұмыстар жөнінде ақпарат берсе, эпидемиологиялық бақылау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Н.Нұрлыбекова жіті ішек инфекциялары бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық ахуал және аурулардың алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан профилактикалық шаралар туралы хабарлады.
Мәжілісте көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасып, жауапты бөлімдерге тиісті тапсырмалар берілді.
Қорытындысында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыру, профилактикалық іс-шараларды күшейту, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту және алдағы кезеңге белгіленген міндеттердің уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігі атап өтілді.
Нұрлан БЕЙБІТОВ,
қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы
















