» » ШАҢЫРАҚ БАҚЫТЫ – СЫЙЛАСТЫҚТА

ШАҢЫРАҚ БАҚЫТЫ – СЫЙЛАСТЫҚТА

Жуырда Ақжар ауылында әйелдер кеңесінің жоспарына сай отбасы құндылығын дәріптеу мақсатында «Шаңырағың шайқалмасын, жас келін!» атты сыр-сұхбат кеші ұйымдастырылды.
Кеште ауыл әкімшілігінің бас маманы Сәрсенкүл Оспанова қазақ қоғамындағы отбасы құндылығы жайында әңгімелесе, ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Рая Қайырқызы «Отбасы – өмір бастауы» тақырыбында баяндама жасады.
Бақытты шаңырақтың формуласы – отбасындағы түсіністікте, сыйластықта болатынын сөз еткен ардагер аналар Әсем Берманова, Тоқсұлу Қазиева, Сара Есмаханова, С.Бөртебайұлы атындағы клуб үйінің меңгерушісі, "Мерейлі отбасы" номинациясының иегері Роза Кенжеғұловалар өмірлік тәжірибелерінен мысалдар келтіріп, пікірлерімен бөлісті. Ал Балсұлу Омарова мен Света Iзбембетова шаңырақтағы татулықтың маңызы жайлы ойларын ортаға салды.
Сонымен қатар аналармен "Менің ойымша" атты сергіту сағаты ойнатылып, белсенділік танытқан бір топ анаға ауыл әкімшілігі мен әйелдер кеңесінің Алғыс хаты табысталды.
Отбасы – шағын мемлекет, отбасы – өмір аясы, өмірдің бастауы болса, шаңырақтың басшысы – әке, ұйытқысы – ана болып қала бермек. Кеште жас келіндер ақ шашты әжелер мен ақ жаулықты аналардың ақ батасын алды. Барша қатысушылар бірге әсем ән тыңдап, қорытындысында естелік суретке түсті.
Рая ЖӨНЕЙТОВА,
ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы
21 шілде 2026 ж. 118 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 878
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 131

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930