Құрылтай
» » ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС – СЕНІМДІ ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС – СЕНІМДІ ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ

Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, халықты атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы тұрақты ақпараттандыру – тиімді мемлекеттік басқарудың маңызды қағидаларының бірі. Осы мақсатта ауданда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен тұрақты түрде баспасөз брифингтері өткізілуде. Мұндай кездесулер мемлекеттік мекемелердің жұмысын жария түрде таныстырумен қатар, қоғам мен билік арасындағы ашық диалогты нығайтып, тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.
Осыған сәйкес аудан әкімінің тапсырмасымен «Руханият» орталығында кезекті баспасөз брифингі ұйымдастырылды. Жиынның негізгі мақсаты – есепті кезеңде атқарылған жұмыстардың нәтижесін жұртшылыққа таныстыру, алдағы міндеттерді айқындау және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сауалдарына ашық жауап беру.
Брифингке Иіркөл ауылдық округінің әкімі Жағыпар Төлегенов, Ақтөбе ауылдық округінің әкімі Қанат Әбдіғаппарұлы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Тәуекел Сәндібеков, «Сыр суы» филиалының «Октябрь топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесінің басшысы Әділет Қаршыға және «QazaqGazAimaq» АҚ Жосалы газ шаруашылығы мекемесінің басшысы Ержан Мусаев келді.
Спикерлер өз салалары бойынша есепті кезеңде атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарымен бөлісті. Баяндамаларда ауылдық округтердің әлеуметтікэкономикалық дамуы, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, тұрғындарды сапалы ауызсумен және табиғи газбен қамтамасыз ету, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік бақылау жұмыстарын жетілдіру мәселелері қамтылды.
Брифинг барысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері көтерген сауалдарға толыққанды жауап беріліп, тұрғындарды толғандырған мәселелер бойынша нақты түсіндірме ұсынылды. Ашық пікір алмасу мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты маңызды ақпараттың көпшілікке қолжетімді болуына және кері байланыстың тиімділігін арттыруға ықпал етпек.
Жиын қорытындысында халықты сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, ауылдық елді мекендердің инженерлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ тұрғындармен тиімді кері байланысты нығайту бағытындағы жұмыстардың алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатыны атап өтілді.
Мемлекет басшысы айқындаған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында өткізілетін мұндай баспасөз брифингтері мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттырып қана қоймай, халықтың сенімін нығайтуға және қоғамдағы өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге ықпал етеді. Ашықтық, жауапкершілік және жүйелі жұмыс – өңірдің тұрақты дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттырудың басты кепілі.
Б.МАДИЯР
17 шілде 2026 ж. 46 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (10520)

14 шілде 2026 ж.

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 483
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 975

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031