Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді мемлекетіміз үшін ерекше мәнге ие мереке – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Астана – тәуелсіз Қазақстанның ең басты жетістігінің бірі, мемлекетіміздің қуаты мен өркендеуінің айқын көрінісі. Қысқа тарихи кезең ішінде елордамыз қарқынды дамып, заманауи сәулетімен, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларымен танылды.
Бүгінде Астана – ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің, халықаралық ынтымақтастықтың ірі орталығы. Әлемдік деңгейдегі маңызды саяси кездесулер мен халықаралық форумдардың дәл осы қалада өткізілуі Қазақстанның бейбітшілікті нығайтудағы ұстанымын көрсетіп отыр.
Елорданың өсіп-өркендеуі – еліміздің әр аймағының дамуының нәтижесі. Әрбір азаматтың туған жерге деген жанашырлығы мен ел болашағына қосқан үлесі Қазақстанның бүгінгі жетістіктерінің берік негізін қалайды.
Біздің ауданымыздың тұрғындары да осы игі жолда табанды еңбек етіп келеді. Әр салада атқарылған жүйелі жұмыстар – еліміздің бірлігі мен еңбекқорлығының нәтижесі.
Қадірлі жерлестер!
Осынау мерейлі күні сіздерге бақ-береке, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін! Еліміздің көк байрағы әрдайым биікте желбіреп, тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры берік болсын! Мереке құтты болсын!
Құрметпен, аудан әкімі Жандос ЕРКІНБЕК
















