» » АУДАН ӘКІМІ ЖАНДОС ЕРКІНБЕКТІҢ РЕСПУБЛИКА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

АУДАН ӘКІМІ ЖАНДОС ЕРКІНБЕКТІҢ РЕСПУБЛИКА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ! ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Сіздерді ұлттық мерекеміз - Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – еліміздің жаңа дәуірге аяқ басқанын айшықтайтын, егемендіктің еңсесін көтерген қасиетті мереке.
Республика күні – елдік рухты асқақтатқан, елдігіміздің бастауы болып табылатын тарихи мереке.

Бүгінгі бейбіт өмір мен тұрақтылық – бабалар аманатына адалдықтың, ел бірлігі мен еңбектің жемісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, бұл күн – қазақ мемлекеттілігінің тарихи сабақтастығын айғақтайтын маңызды белес.

Биыл халқымыздың тағдырын айқындаған Егемендік декларациясының қабылданғанына 35 жыл толып отыр. Бұл – тәуелсіз еліміздің алғашқы құқықтық негізін қалаған құжат пен мемлекетіміздің жаңа тарихының бастауы.

Қадірлі ағайын!

Бүгінде киелі Қармақшы топырағы еліміздің дамуына өз үлесін қосып келе жатқан аудандардың бірі.
Халқымыздың қажырлы еңбегі мен ынтымағының арқасында ауылдарымыз көркейіп, шаруашылықтарымыз нығайып, жаңа бастамалар жүзеге асуда.
Бәріміздің ортақ мақсатымыз – туған жердің абыройын арттырып, жас ұрпаққа жарқын болашақ қалдыру.

Осы мерейлі сәтте баршаңызға амандық, құт-береке, еңбектеріңізге жеміс тілеймін!
Әр шаңырақта шаттық орнап, ауданымыздың еңбегі жана берсін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Мереке құтты болсын!

25 қазан 2025 ж. 181 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 283

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031