» » Аудан әкімі құттықтауы

Аудан әкімі құттықтауы

Құрметті қармақшылықтар, ардақты ағайын!
Сіздерді 25 қазан – Республика күнімен құттықтаймын!
1990 жылы осы күні республикамыздың егемендігі туралы декларация қабылданып, ол Тәуелсіздікке батыл бет бұрған жас мемлекетіміздің өміріндегі ұлы оқиға болғаны белгілі. Сондықтан да бұл күн бүкіл еліміз үшін қадірлі, қастерлі күннің бірі болып саналады. Қазіргі кезде экономикасы өркендеген,
әлеуметтік салада да үлкен жетістіктерге жеткен Халықаралық қауымдастықтан өзінің лайықты орнын алған республикамыз әлемдік өркениет нарықтық қатынасты берік ұстанып, экономикасы мен мәдениеті дамыған, бейбітшілік, тыныштық, тұрақтылық салтанат құрған егемен елге айналып отыр.
Биыл Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылғы маусымдағы Ұлттық құрылтай отырысында 25 қазанның қазақ тарихындағы маңызды күн екенін ерекше атап өткен болатын.
Президент бұл тарихи оқиғаны Тәуелсіздікке жасалған алғашқы қадам деді. Осылайша, Егеменді Қазақстан Республикасының негізі қаланған күн өзінің лайықты бағасын алды. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен
бейбіт халқымыз толағай табыстарға жетті.
Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты — азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз.
Қадірлі қармақшылықтар!
Бұл мерекенің еліміздің егеменді мемлекет болып қалыптасу жолында тарихи маңыздылығы өте жоғары әрі құнды деп білемін.
Халқымыздың арманы орындалған Ұлы күні – Ұлттық мерекеміз баянды болсын. Республика күні құтты болсын! Тәуелсіз еліміздің мерейі өсіп, мәртебесі көтеріле берсін!
Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын!
Ізгі ниетпен, Қармақшы ауданының әкімі
Әділбек ЕРСҰЛТАНОВ
25 қазан 2022 ж. 891 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 402
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 202

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930