» » Елдігіміздің тұмары

Елдігіміздің тұмары

qarmaqshy-tany.kz РЕСПУБЛИКА КҮНІ – МЕМЛЕКЕТТІК ЕГЕМЕНДІК ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯ ҚАБЫЛДАНҒАН КҮН, ТАРИХИ МАҢЫЗЫ БАР, ЕРЕКШЕ АТАУЛЫ КҮН, БІРНЕШЕ ЖЫЛДАН БЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК МЕРЕКЕЛЕР ТІЗІМІНЕН АЛЫНЫП ТАСТАП, БҮГІНДЕ АРАМЫЗҒА ЖАНДАНЫП, ЖАРҚЫРАП ҚАЙТА КЕЛГЕН 25-ШІ ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІ БАРШАМЫЗҒА ҚҰТТЫ БОЛСЫН.
Қазақтың батыры Бауыржан Момышұлы «Отан үшін отқа түс күймейсің» деген еді. Өйткені Отан – қасиетті ұғым. Отанымызға, туған халқымызға адал қызмет ету біздің азаматтық борышымыз. Бұл күнді ұмытпау, бұл күнді ұлықтау әрбір адамның парызы. Қазақ елінің біртұтастығын сақтауға, ынтымағы мен бірлігін арттыруға еліміздегі әрбір ұлттың міндеті деп білемін.
25 қазан Қазақстанның Республика күні болып 1990 жылы бекітілген болатын. Дәл осы күні еліміз егеменді, тәуелсіз, зайырлы азат ел болғанымызды айқындайтын Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларациясы қабылданды. Онда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Ел аумағының тұтастығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін дамыту, ұлттық қадір-қасиетін нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айтылды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы дер едім. Сондықтан да Республика мерекесі әр қазақ үшін айрықша маңызды. Егеменді ел деп танылған сәттен бастап Қазақстан бүкіл әлемде маңызы бар ел ретінде танылып, өзінің мемлекеттік статусын қорғап жүрді. Алайда бұл күн мемлекеттік мерекелер тізімінен 2009 жылы алынып тасталынған болатын. Биылдан бастап президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мерекенің қайтадан атап өтілетіндігі туралы жариялаған болатын. Ол Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін айтты. Осы күннің маңыздылығын ұмыттырмай, ортамызға қайта алып келген президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлына айтар алғысымыз шексіз. Республика күні қазақ халқының достығы, төзімділігі, жеткен жетістігі, ұлттық стратегиялық мүддесі мейлінше насихатталып, патриоттық факторлар әлемге паш етілуі тиіс деп ойлаймын.
«Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ» деп Білге Қаған айтқандай, ел болып бірігіп, жұдырықтай жұмылып елдігімізді сақтайық, теңдігімізді сақтайық. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Сакен ЕСЕНАЛИЕВ,
Академик С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары
колледжі директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары
18 қазан 2022 ж. 840 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 420
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 225

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930