» » 25 қазанды Республика күні ұлттық мерекесі ретінде белгілейтін заң қабылданды

25 қазанды Республика күні ұлттық мерекесі ретінде белгілейтін заң қабылданды

Kyzylorda-news.kz. Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастауға бағытталған заңды қабылдады.
Бұл норма «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қамтылған.
Осы орайда «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке және 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке болып белгіленетін өзгерістер енгізу қарастырылған. Сондай-ақ 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер тізімінен алып тастау ұсынысына қолдау жасалды.
Бұл құжатта «Кинематография туралы» және «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына мынадай тұжырымдамалық түзетулер мен жаңашылдықты көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылған:
– кинематография саласын мемлекеттік қаржылық қолдау;
– кинематография саласының материалдық-техникалық базасын сақтау мен дамытуды жүйелендіру және заңнамалық регламенттеу;
– балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды мемлекеттік қолдау;
– кинематография саласында мемлекеттік қаржылық қолдауды алу үшін кинематографиялық қызмет субъектілерінің шеңберін кеңейту;
– Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанынан Ұлттық кинокомиссия құру механизмін және оның қызмет етуін заңнамалық реттеу;
– халықаралық ареналарда ұлттық фильмдерді ілгерілетуді мемлекеттік қолдау;
– ұлттық фильмдерді шығаруға бөлінетін қаржыны: тарихи, патриоттық және имидждік фильмдерге – 70 пайыз, ал жеке киножобаларды, оның ішінде дебюттік фильмдерді қоса қаржыландыруға – 30 пайыз бөлудің жаңа тәсілдерін айқындау;
– «Кинематография туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын іске асыру кезінде бірыңғай құқық қолдану тәжірибесін қамтамасыз ету үшін жаңа түсініктер енгізу.
22 қыркүйек 2022 ж. 893 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 138

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930