Аудан әкімі Астана күнімен құттықтады
Елорда күні – бұл астаналықтардың мерекесі ғана емес, жалпыхалықтық мейрам. Бұл – асқақ абырой мен еңселі елдіктің мерекесі.
Астана қаласы – егемен еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген ең басты жетістігі мен жеңістерінің бірегейі.
Елорданың 25 жылдық мерейтойы қарсаңында, Республикамыздың бас қаласы өзінің аса жоғары мәртебесіне сай нағыз астана болып қалыптасып, мемлекетіміздің шынайы мақтанышына айналды.
Еуразия кіндігіндегі Астана қазіргі таңда халықаралық іргелі жиындардың, конфессияаралық келісімдердің алаңы іспеттес. Бүгінгі таңда Астанада әлемдік мәнмаңызға ие форумдар мен саммиттер өтуде.
Астана шаһары талай жанның арманына қанат бітіріп, өмірден өз орнын табуына да даңғыл жол ашып берді.
Астана – келешегі жарқын, болашағы айқын қала. Бүгінде Астана көпұлтты халқымыздың бірлігі мен ынтымағына тірек, достығы мен татулығына кепіл болып отыр.
Ерке Есілдің жағасынан керегесін кең жайған Астананың ғұмыры ұзақ, шоқтығы биік болсын!
Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тілеймін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Құрметпен, аудан әкімі Жандос Еркінбек