» » ЖАРҚЫРА, ЖАЙНА ЕЛОРДА

ЖАРҚЫРА, ЖАЙНА ЕЛОРДА

6 шілде – елордамыздың туған күні. Бүгінде бас қала Қазақстанның жаһандық брендіне айналып, дүниежүзіндегі әсем де жас қала ретінде танылуда. Нұр-Сұлтан – егемен елдің жаңа қауызын ашқан, жұпары аңқыған жауқазыны. Сарыарқаның төрінде жайғасқан, бүгінде еліміздің экономикасын алға сүйрейтін қуатты орталыққа айналған бас қала. Иә, бас қала арман-қиял мен сан қилы тағдырДы бір арнаға тоғыстырған әсем қала.
Өткенге көз жүгіртер болсақ, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Ел Президентінің 1998 жылғы      6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Ел астанасын ауыс­тыру Астананың экономикалық дамуына қуатты серпін берді. Ал биыл Тұңғыш Президент Н.Назарбаев өкілеттілігін тоқтатқаннан кейін бас қалаға елбасының есімі беріліп, «Нұр-Сұлтан» қаласы болып өзгерді.
Бүгінде қалада заман талабына сай үйлесім тапқан зәулім ғимараттар қала көркін кіргізіп тұр. Рас, елорда 21 жыл ішінде алып шаһарға айналды. Осы уақыт аралығында Нұр-Сұлтан Қазақстанды әлемге әйгілі етті.
Елорданың символына айналған «Бәй­терек» кешені қаланың тұмары іспеттес. Сонымен қатар «Нұр әлем» сферасы ЭКСПО-2017 көрмесінің архитектуралық символы ке­шеннің орталық нысанына айналды. «Mega Silk Way» ЭКСПО-2017 павильонына жақын жерде орналасқан сауда, ойын-сауық кешені. Бұл кешен – Қазақстандағы ең үлкен ойын-сауық орталығы. Сондай-ақ әлемдегі ең биік шатыр үлгісіндегі ғимарат – «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы, теңізден алыс орналасқан океанариум – «Думан» орталығы, «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театры, Орталық Азиядағы ірі мешіт – «Әзірет Сұлтан» мешіті қаланың зәулім де әсем ғимаратының  қатарында.
Иә, бүгінде әсем қаланы Есіл өзені екі­ге бөліп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының озық архитектуралық жаңаруы барлық қазақ­стандықты  жаңару жолына шақыруда, үлгі көрсетуде.
Жас елорданың көз сүріндірер ке­лісті келбеті күн санап жасарып, көркейіп, гүлдене түсуде.
Тәуелсіз Қазақстанның жылнамасында Астана тарихы ең жарқын болашақ кепіліне айналды. Оның бас сәулетшісі – тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екенін ескерсек, осы бір ғажайып шаһар сол кісінің бастамасы арқасында, мұқалмас күш-жігерінің негізінде бой көтерді. 
Елорда –  келешегі жарқын, болашағы ай­қын қала. Бүгінде ол  көпұлтты халқы­мыздың бірлігі мен ынтымағына тірек, достығы мен татулығына кепіл.
Нұр-Сұлтан қаласы – Тәуелсіздік перзенті, жаңа әлемдегі Қазақстанның жарқын бейнесі. Жаңа заманда жасампаздықпен қалыптасып жатқан астанамыз өсе берсін!
Ақнұр САҒЫНТАЙ
10 шілде 2019 ж. 874 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 052

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031