» » Аудан әкімі Мұса Қалдарбековтің Нұр-Сұлтан қаласы күнімен құттықтауы

Аудан әкімі Мұса Қалдарбековтің Нұр-Сұлтан қаласы күнімен құттықтауы


Құрметті Қармақшы ауданының тұрғындары!
Қымбатты жерлестер!
Баршаңызды Тәуелсіз Қазақстанның елордасы - Нұр-Сұлтан қаласы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Уақыт озған сайын Нұр-Сұлтан қаласы күнінің маңыздылығы артып, ол тек елордалықтар ғана емес, бүкіл еліміздің асыға күтетін мерекесіне айналды.
Елорда салу бастамасын алғаш рет Қазақстанның Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көтерді.  
Елбасымыз «Бұл мен үшін емес, бұл ел үшін, елдің ертеңі үшін керек, мұның мәнін қазіргі адамдар толық ұғар-ұқпас, бірақ болашақ ұрпақтарымыз ұғатын болады»-деп атап өткен болатын.
Нұр-Сұлтан қаласы ең қысқа мерзім ішінде салынып, бүкіл еліміздің қарышты дамуымыздың, әлемдегі сәулет өнеріндегі бірден-бір қайталанбас «Ғасыр жобасына» айналды.
Мемлекет басшысы Қасым –Жомарт Тоқаев  «Елорданың өркендеуі – Елбасының және барша Қазақстан халқының еңбегі. Еліміздің барлық өңірі Нұр-Сұлтан қаласының өркендеуіне үлес қосты. Бүгінде бас қаламыз барша жұртымыздың ынтымақ-бірлігінің символына айналды. Елорда – еліміздің жүрегі. Мемлекетіміздің жарқын болашағына жол ашатын тағдырлы шешімдер осы жерде қабылданады» - деген болатын.
Бүгінгі Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы халықаралық бейбітшілікті сақтаудың ордасы болды.
Халықаралық саммиттер, Еуропадағы Халықаралық Ынтымақтастық форумы, «ЕХРО-2017» Халықаралық көрмесі, Әлемдік діндер лидерлерінің дәстүрлі форумы, Астана декларациясының қабылдануы бейбітшілікті жақтайтын ел ретінде әлемдегі өз орынын айқындады.
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы қысқа мерзім ішінде кемел келешекке көз тіккен заманауи қалаға, біздің еліміздің саяси-экономикалық және мәдени орталығына айналды.
Елордамыз еліміздің барлық өңірлері үшін дамудың үлгісін көрсетіп келеді.
Қадірменді ағайын!
Сарыарқаның сары белінде, ұлан-байтақ қазақ жерінің қасиетті орталығында мемлекетіміздің жаңа астанасының бой көтеруі - Елбасының қазақ халқына жасаған ерен істерінің, батыл шешімдерінің бірі.
Қазақстанның жас елордасы – қарыштап дамыған мемлекеттің, Мәңгілік Елдің символы.
Қазақ елінің жүрегі мәңгі соғып, бас қаласы одан әрі гүлдене берсін!
Бүгінгі мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, әрбір отбасына  амандық, елімізге береке - бірлік тілеймін!
Елордамыз еңселі, Елбасымыз аман, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

Ізгі тілекпен,
Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков
06 шілде 2021 ж. 746 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 106

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930