Аудан әкімі құттықтады
ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!
ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!
ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!
Баршаңызды Тәуелсіз Қазақстанның орталығы – Нұр-Сұлтан қаласы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Уақыт озған сайын Нұр-Сұлтан қаласы күнінің маңыздылығы артып, ол тек елордалықтар ғана емес, бүкіл қазақстандықтардың асыға күтетін мерекесіне айналды.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елорда салу бастамасын алғаш рет көтеріп «Бұл мен үшін емес, бұл ел үшін, елдің ертеңі үшін керек, мұның мәнін қазіргі адамдар толық ұғар-ұқпас, бірақ болашақ ұрпақтарымыз ұғатын болады» деп өзінің көрегендік ойын жария еткен болатын.
Нұр-Сұлтан қаласы ең қысқа мерзім ішінде салынып, елдің қарышты дамуының нышанына, жаһандық сәулет өнеріндегі бірден-бір қайталанбас «Ғасыр жобасына» айналды.
Осы жылдар ішінде Нұр-Сұлтан қаласы халықаралық бейбітшілікті сақтаудың ордасы болды.
Мемлекет басшысы, Қасым-Жомарт Тоқаев «Астананы көшіру идеясы елді біріктіруші факторға айналды. Жаңа астанамыз әлемде бейбітсүйгіш қала ретінде ЮНЕСКО-ның арнайы бағасына ие болды» деп атап өтті.
Нұр-Сұлтан қаласының мерейлі мерекесін қармақшылықтар да лайықты табыстармен қарсы алып келеді. Бүгінгі күні біздің басты мақсатымыз – елімізде дендеген қауіпті індеттің таралуын тоқтатып, халықтың өмір сүру сапасын қамтамасыз ету.
Еліміздегі ерекше экономикалық жағдайға байланысты «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы жүзеге асуда.
Осы жылы бағдарлама шеңберінде ауданымызды абаттандыру, көшелерді орташа жөндеу мен жарықтандыру, әлеуметтік нысандарды ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары атқарылуда. Шағын және орта кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы салаларында тұрақты даму бар.
Осы ретте ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің дамуы, әлеуметтік құрылыс нысандарының жаңғыртылуы мен пайдалануға берілуі әрбір тұрғын үшін маңызды деп есептеймін.
Өкінішке орай, елдегі эпидемиалогиялық жағдай тұрақталмай тұр.
Бұл эпидемиядан сақтану біздің ортақ міндетіміз екенін естен шығармайық.
Әрбір азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, уақытылы дәрігерге көрінгенде ғана нәтиже болмақ. Ендеше, денсаулықтың қадірін ұғынып, ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздейік.
Қадірменді ағайын!
Қазақстанның Елордасы, бүгінгі Нұр-Сұлтан – қарыштап дамыған мемлекеттің, Мәңгілік Елдің символы.
Қазақ елінің жүрегі мәңгі соғып, бас қаласы одан әрі гүлдене берсін!
Баршаңызды мерейлі мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге береке-бірлік тілеймін!
Құрметпен, Қармақшы ауданының әкімі
Мұса ҚАЛДАРБЕКОВ
Мұса ҚАЛДАРБЕКОВ