» » » ЕЛОРДА КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

ЕЛОРДА КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

   Күллі Қазақстан халқының қуанышына айналған мемлекеттік мереке – Нұр-Сұлтан қаласының туған күні қашанда өрлік пен өрістеудің, жасампаздықтың символы. Жыл сайын үрдіске айналған бұл мереке ескерусіз қалмады.
Аудан орталығындағы мәдениет үйінде «Туған күніңмен, сүйікті қалам» атты салтанатты шара өтті. Шараның шымылдығын ашқан аудан әкімі Сұлтан Мақашов кент тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, ыстық лебізін жеткізді.
   – Нұр-Сұлтан қаласы ең қысқа мерзім ішінде салынып, бүкіл еліміздің қарышты дамуының нышанына, жаһандық сәулет өнеріндегі бірден-бір қайталанбас «Ғасыр жобасына» айналды. Осы жылдар ішінде астанамыз халықаралық бейбітшілікті сақтаудың ордасы болды. Халықаралық саммиттер, Еуропадағы Халықаралық Ынтымақтастық форумы, «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесі, Астана декларациясының қабылдануы, Сирия дағдарысының шешімін табуы үшін жүргізілген келіссөздер бейбітшілікті жақтайтын ел ретінде әлемдегі өз орнын айқындады. Қазақстанның Елордасы Нұр-Сұлтан қаласы бүгін міне мәңгілік елдің символына айналды. Қазақ елінің жүрегі мәңгі соғып, одан әрі гүлдене берсін, – деді аудан әкімі.
    Салтанатты шара одан әрі облыстық филормония өнерпаздары мен аудандық мәдениет үйінің жас таланттары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты. Бишілер мың бұрала би билесе, әншілер жырдан шашу шашып, аудан жұртын шаттыққа бөледі.
 
                                                                                                                   Ерсін СӘДУҰЛЫ
10 шілде 2019 ж. 2 012 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 618
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 391

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031