» » МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ

МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ


Аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті.

Жиын барысында елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, ауыл шаруашылығы саласындағы егістік алқаптары және білім саласында Ұлттық бірыңғай тестілеуді сапалы қорытындылау мәселелері талқыланды.

Жиында Жандос Еркінбек әрбір сала бойынша тиісті тапсырмаларын берді. Әсіресе, кәсіпкерлік нысандардың қасбеті мен ғимараттардың тазалығы, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шараларын күшейту, сондай-ақ жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аударды.

Сонымен қатар аудан басшысы жұмыстардың орындалуын жеке қадағалайтынын жеткізіп:

-Әрбір сала бойынша берілген тапсырмалар уақытылы әрі сапалы орындалуы қажет. Нәтиже бірінші кезекте халыққа қызмет ету сапасынан көрінуі тиіс. Тапсырмалардың орындалу барысы тұрақты түрде менің жеке бақылауымда болады, – деп жиынды қорытындылады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

02 шілде 2026 ж. 91 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30