» » КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ

КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ


Аудан әкімі аппаратының басшысы Диас Молдабаевтың төрағалығымен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шараларын талқылауға арналған мәжіліс өткізілді.

Жиынға кент және ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ тиісті сала басшылары қатысты. Мәжіліс барысында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алия Абдикаимова баяндама жасап, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының таралу жолдары мен алдын алу шаралары жөнінде кең көлемді ақпарат ұсынды.

Айта кету керек, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы — кене шағуы арқылы жұғатын, ауыр интоксикациямен және дене қызуымен өтетін, өлім-жітім деңгейі 10-40% аралығында болатын аса қауіпті жұқпалы аурулардың бірі. Бұл ауру көбіне маусымдық сипатта болып, әсіресе мамыр-қыркүйек айлары аралығында жиі тіркеледі.

Мәжіліс қорытындысы бойынша тиісті мекемелер мен жергілікті атқарушы органдарға профилактикалық жұмыстарды күшейту, халық арасында түсіндіру шараларын арттыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу тапсырылды.

26 маусым 2025 ж. 304 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 071
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 283

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031