» » Алдын алу жұмыстары талқыланды

Алдын алу жұмыстары талқыланды

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлының төрағалығымен Конго-қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу мақсатында арнайы топ отырысы өтті.
Жиында аудан бойынша Конго-қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар туралы аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Перизат Қобылашқызының және аудандық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Сағилатұлының баяндамалары тыңдалды.
Жиын соңында арнайы топ төрағасы кент және ауыл әкімдеріне елді мекендерде мал қораларын, көше аймақтарын күл-қоқыстан тазарту жұмыстарын қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Сондай-ақ, тиісті сала басшыларына Санитарлық ағарту-насихаттау (кенеден сақтану шаралары) жұмыстарын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.
21 маусым 2023 ж. 446 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930