» » Ауданда кенеге қарсы іс-шаралар атқарылуда

Ауданда кенеге қарсы іс-шаралар атқарылуда


Жыл сайын көктем-күз айларында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу мақсатында елді-мекендерде кенелерге қарсы арнайы мекемелермен залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп келеді.
Бүгін аудан аумағында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының табиғи ошағында қоныстанған аудан тұрғындарын қорғау жөніндегі шараларды жүргізу мақсатында арнайы мекеме ауылдық округтер мен Жосалы, Төретам кенттерінде кестеге сәйкес кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын бастады.
Осы ретте залалсыздандыру жұмыстары жүргізілмес бұрын әрбір тұрғын мал ұстайтын қораларына санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізу үшін алдын ала дайындап қою керектігін ескертеміз.
Сонымен қатар механикалық тазарту жұмыстарының қорытындысында арнайы топ елді мекендерді аралап мониторинг жүргізетін болады.

05 мамыр 2021 ж. 858 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 283

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031