» » Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы туралы

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы туралы

Қармақшы ауданында ағымдағы жылы күзгі кенеге қарсы бір реттік залалсыздандыру жұмыстары 16 - 31 тамыз күндері аралығында жүргізілді.
Конго – Қырым қанды қызбасы (немесе Көкала деп аталады) ауруы аса қауіпті жұқпалы аурулар қатарына жататын өте қатерлі ауру. Ауру көктем, жаз мезгілдерінде көп кездеседі. Конго – Қырым қанды қызбасы ауруының тасмалдаушысы қарапайым кене. Кене шағу қауіптілігі кейбір кенелердің ағзасында осы ауруды тарататын вирустардың сақталуы.
Сол себепті аурудың тіркелуі осы кенелердің көктем, жаз мезгілдерінде шығып, адамдармен жануарларды шағу белсенділігінің артатын кезеңімен байланысты. Кенелер адамға мал жайғау, малды сауу, сыртта бақша егу, отын-шөп дайындау, табиғатта дем алу, тағы сол сияқты жағдайларды жабысады. Адам денесіне кене білдірмей және ауыртпай терінің жұмсақ жеріне жабысып қан сорады.
Аурудың инкубациялық кезеңі 2 күннен 14 күн аралығында жүреді. Ауру жедел, кейде кенеттен басталады. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы кезінде дене температурасы 39-400С дейін көтеріліп, теріге қан құйылып, қызыл иектен, мұрыннан, құлақтан, жатырдан, асқазаннан және ішектен қан кетіп, дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.
Сақтану шаралары:
- Кенені қолмен ұстауға және езуге болмайды;
- Мал қорадан келген соң, киімдерді қағып, оны мұқият қарап шығу керек;
- Мал жайғауға арналған бөлек киімдерді (қолғап, халат, шалбар) киген дұрыс;
- Мал қораны және малдарды арнайы дәрілік заттармен залалсыздандырып тұрған дұрыс;
- Табиғатқа демалысқа шыққан жағдауда арнайы аэрозоль және спрей пайдалану, әрбір 2-3 сағат сайын жағып тұру қажет.

Кенелерден қорғану ережелерін сақтау және уақытылы медициналық көмекке жүгіну аса қауіпті инфекцияның – Конго-қырым геморрагиялық қызбасының пайда болу мүмкіндігінен сақтайды.

ГүлнарТөлепбергенова,
Қармақшы аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы  
12 қыркүйек 2024 ж. 187 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 029

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930