» » Конго-Қырым қанды қызбасынан сақтанайық

Конго-Қырым қанды қызбасынан сақтанайық

Конго-Қырым қанды қызбасы ауруы – аса қауіпті жұқпалы аурудың қатарына жататын өте қатерлі дерт. Ауру көктем, жаз, күз айларында кездеседі, жалпы жылдың жылы мезгілдеріне тән. Кенелер Конго-Қырым геморрагиялық қызба ауруын тасымалдаушы болып табылады.
Кене шаққан жағдайда адам кененің шаққанын сезбейді, себебі кене қадалған жерін жансыздандыратын сұйықтық бөліп шығарады. Тек 2-3 күн өткеннен кейін ғана кене жабысқан жер қызарып ауырсына бастайды. Вирус адам ағзасына енгеннен соң көпке дейін білінбей, қан тамырларын зақымдайды. Ауру кенеттен жедел түрде басталады. Науқастың басы қатты ауырып, дел-сал күйге түсіп, белі сырқырайды, тамаққа тәбеті болмайды. Дененің қызуы 39-41°С-қа дейін көтеріледі. Адам ағзасының шырышты қабаттарынан, тістерінен, мұрнынан, әйелдердің жыныстық мүшелерінен (жатырдан) немесе ішкі ағзаcынан (асқазан, тік ішектен) қан кетеді. Әр адамның ағзаларының ерекшелігіне байланысты аурудың жеңіл және ауыр түрі өтуі мүмкін. Сырқат дене қызуының көтерілуінен басталады. Науқастың бүкіл денесі әлсіреп, қызарып, теріге бөртпелер пайда болады. Терісіне бөртпелер шығып, инъекция (ине) салған, шымшыған жерлерде терісі көгеріп, ауру белгілері пайда болады. Ағзаның қанды ұйыту қабілеті бірте- бірте жоғалып, адам қансырау салдарынан қаза болуы мүмкін.
Кене малдың үстінде болатындығын ескере отыра, малды күту барысында сақтық ережелерді бұлжытпай орындау керек. Малдағы кенені жалаңаш қолмен жұлуға болмайды. Бұл дерттің қауіптілігі сол осы аурумен сырқаттанған адамның қаны сау адамның денесіне тисе, осы дерттің жұғуына себепші болады. Инкубациялық (жасырын) кезең – 14 күн.
Табиғат аясында, саяжайда демалған сәттерде, кенеден сақтану, яғни дененің киімнен ашық жерлерін мейілінше азайту керек. Кене жабысу мүмкіндіктері бар жерлерде шалбардың балағын шұлықтың ішіне, көйлекті шалбардың беліне салып қымтаған дұрыс. Бұл шара кененің денеге кіруінен қорғайды. Жұмыстан кейін жабысқан кенелерді анықтау үшін күнделікті үстіңізді мұқият бір тексеріп шығыңыз.
Егер денеңізге кене қадалғанын байқасаңыз, оны жалаңаш қолмен жұлып алмай, қысқышпен (пинцет) немесе жіп орау арқылы алып, кене қадалған орынды йод немесе спиртпен залалсыз- дандырып, міндетті түрде медициналық мекемелерге тексерілу қажеттілігін назарда ұстаңыздар.
Д.ҚҰЛМЫРЗАЕВА,
аудандық емхананың салауатты өмір салтын
қалыптастыру кабинетінің маманы
05 мамыр 2024 ж. 204 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 338

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 422

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930