» » КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖИЫНЫ

КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖИЫНЫ

Жуырда аудан әкімі аппаратының басшысы Диас Молдабаевтың төрағалығымен КонгоҚырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шараларын талқылауға арналған мәжіліс өткізілді.
Жиынға кент және ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ тиісті сала басшылары қатысты. Мәжіліс барысында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алия Абдикаимова баяндама жасап, КонгоҚырым геморрагиялық қызбасының таралу жолдары мен алдын алу шаралары жөнінде кең көлемді ақпарат ұсынды.
Айта кету керек, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – кене шағуы арқылы жұғатын, ауыр интоксикациямен және дене қызуымен өтетін, өлім-жітім деңгейі 10-40% аралығында болатын аса қауіпті жұқпалы аурулардың бірі. Бұл ауру көбіне маусымдық сипатта болып, әсіресе мамыр-қыркүйек айлары аралығында жиі тіркеледі.
Мәжіліс қорытындысы бойынша тиісті мекемелер мен жергілікті атқарушы органдарға профилактикалық жұмыстарды күшейту, халық арасында түсіндіру шараларын арттыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу тапсырылды.
«ҚТ» ақпарат
02 шілде 2025 ж. 209 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 197
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 840

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031