» » ТЕМІРЖОЛ САЛАСЫ МЕН ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТЕМІРЖОЛ САЛАСЫ МЕН ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен кезекті мәжіліс өткізіліп, облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында көтерілген мәселелер мен ауданның дамуына қатысты өзекті бағыттар қаралды.

Күн тәртібінде теміржол саласын дамыту және инфрақұрылымдық жобалардың орындалу барысы талқыланды. Осыған сәйкес Мемлекет басшысының тапсырмасы және облыс әкімінің қолдауымен жүргізіліп жатқан Жосалы мен Төретам кенттерінің теміржол вокзалдарын қайта жаңғырту жұмыстарының барысы сараланды. Бұл бағытта жауапты сала басшылары мен кент әкімдері тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндап өтті.

Жандос Еркінбек: «Вокзал инфрақұрылымын заманауи талаптарға сай жаңғырту, аумағын толық абаттандыру және барлық жөндеу жұмыстарын бекітілген мерзімде, жоғары сапада орындалуын қамтамасыз етіңіздер,- деп бірқатар тапсырмалар берді.

Күн тәртібінде облыстық маңызы бар «Жалағаш – Жосалы» автомобиль жолының 46 км теміржол арқылы өтетін көпірдің күрделі жөндеу жұмыстарының барысы да қаралды. Бұл бойынша жобаның сапалы орындалуы мен белгіленген мерзімде аяқталуын тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.

Жалпы 2026 жылдың бес айының қорытындысымен аудан бойынша барлық макроэкономикалық көрсеткіштерде оң динамика қалыптасып отыр. Алдағы уақытта да барлық көрсеткіштерде оң динамиканы сақтау және жоспарланған межелерге қол жеткізу бағытында тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ аудан аумағындағы санитариялық-эпидемиологиялық ахуал назардан тыс қалмады. Жандос Еркінбек Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына, аудандық ветеринариялық станциясына, кент, ауылдық округ әкімдеріне тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, аулалар мен мал қораларын тазалау жұмыстарын ұйымдастыруды және кенеге қарсы профилактикалық шараларды қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Барлық жауапты мекемелер мен сала басшыларына берілген тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді ескертілді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

17 маусым 2026 ж. 50 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 308
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 837

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930