» » ҚЫЗМЕТ ПЕН ОТБАСЫ ЖАРАСЫМ ТАПҚАН ШАҢЫРАҚ

ҚЫЗМЕТ ПЕН ОТБАСЫ ЖАРАСЫМ ТАПҚАН ШАҢЫРАҚ

Қоғам тыныштығын күзетіп, құқықтық тәртіптің сақталуына үлес қосып жүрген полицейлер арасында бір салада еңбек етіп, отбасы мен қызметті қатар алып жүрген ерлі-зайыптылар аз емес. Солардың бірі – Қуантхан Көздібаев пен Жанат Ерғалиеваның отбасы.
Қуантхан Бектайұлы 2004 жылы Қорқыт ата атындағы университеттің құқықтану мамандығын тәмамдап, алған білімін ел игілігі жолында пайдалануға бел буады. Құқық қорғау саласындағы еңбек жолын 2006 жылы бастаған ол қызмет барысында мол тәжірибе жинақтап, түрлі жауапты міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Бүгінде ол кезекші бөлімшенің бастығы лауазымында қызмет етуде.
Жауапкершілігі жоғары мамандықты таңдаған Қуантханның өмірлік серігі Жанат та ішкі істер органдарында ұзақ жылдан бері еңбек етіп келеді. Ол – Сырдария ауданының тумасы. Қызметтік жолын тергеу саласында бастап, кейін жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор қызметін атқарған. 2010 жылдан бастап кадр саласында еңбек етіп, өз ісінің білікті маманы ретінде танылды.
Қос қызметкердің тағдыр жолы қызмет барысында тоғысып, 2008 жылы шаңырақ көтерді. Содан бері олар тек әріптес қана емес, бір-біріне тірек бола білген жарасымды отбасы ретінде көпке үлгі болып келеді.
Бүгінде олар үш баланы тәрбиелеп отырған өнегелі ата-ана. Қызметтегі жауапкершілік пен отбасы тәрбиесін қатар алып жүру – үлкен төзімділік пен еңбекқорлықты талап етеді. Бұл тұрғыда ерлі-зайыптылардың еңбегі көпшілікке үлгі боларлық.
Олардың кәсіби жетістіктері де аз емес. Қуантқан Көздібаев пен Жанат Ерғалиева Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен облыстық полиция департаментінің бірнеше мәрте марапаттарына ие болған. Екеуіне де «Үздік полиция қызметкері» атағы берілген. Сонымен қатар, олар І сыныпты маман, тәлімгер ретінде де жоғары бағаланып келеді. Қызметтегі адалдығы мен кәсіби шеберлігі үшін «Мінсіз қызметі үшін» медалінің I, II және III дәрежелерімен наградталған.
Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген отбасы қызмет пен жанұялық құндылықтарды үйлестіре білген өнегелі шаңырақтың қатарында. Иә, отбасындағы басты құндылықтардың бірі – ұрпақ тәрбиесі. Қуантқан Бектайұлы мен Жанат Қабдығалидың қызметке деген адалдығы мен Отан алдындағы жауапкершілігі балаларына да үлгі болуда. Бүгінде қыздары Інжу 11-сыныпты бітіріп, ата-анасының жолын жалғауға ниет білдіріп, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясына құжаттарын тапсырған. Бұл – бірлескен еңбек пен тәрбиесінің жемісі. Құқық қорғау саласының қыр-сырын бала күнінен көріп өскен Інжу қоғамдық қауіпсіздік пен заң үстемдігін қамтамасыз ету ісіне өз үлесін қосуды мақсат етеді. Ата-анасы да қызының таңдаған жолына қолдау білдіріп, болашақта білікті әрі кәсіби маман болып қалыптасуына сенім артады. Осылайша, полицейлер отбасының игі дәстүрі жалғасып, ел тыныштығына қызмет ету мұраты келесі буынға табысталмақ.
Ақнұр ЕРДҮЙСЕНҚЫЗЫ
23 маусым 2026 ж. 104 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№47 (10515)

23 маусым 2026 ж.

№46 (10514)

20 маусым 2026 ж.

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 349
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 874

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930