» » Ел сенімін ақтаған тәртіп сақшысы

Ел сенімін ақтаған тәртіп сақшысы


Қоғам тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қашанда үлкен жауапкершілікті талап ететін абыройлы міндет. Бүгінде тәртіп сақшыларының қырағылығы мен кәсібилігі қалың бұқараның зор сенімін қалыптастырып отыр. Олар күндіз-түні тынымсыз еңбек етіп, ел ішіндегі тұрақтылықты сақтауға өлшеусіз үлес қосуда. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында осындай елге адал қызмет етіп жүрген жандардың бірі – аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі, аға лейтенант Берекет Сыдықов туралы сөз қозғамақпыз.
Тәртіп сақшысы туған жердің түлегі. Ол кенттегі О.Шораяқұлы атындағы №30 мектепте білім алып, жастайынан тәртіп пен жауапкершілікті бойына сіңіріп өседі. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ құқық қорғау саласына қызығушылық танытқан жас талапкер білімін одан әрі жалғастыру үшін облыстағы «Болашақ» университетінің колледжіне оқуға түседі. Мұнда «Құқықтану» мамандығын меңгеріп, кеңесші заңгер біліктілігін алады.
2017 жылы ел алдындағы азаматтық борышын өтеу мақсатында Астана қаласындағы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы қатарына шақырылып, әскери қызметін абыроймен атқарады. Әскердегі тәртіп пен төзімділік оны шыңдап, кәсіби тұрғыдан қалыптасуына зор ықпал етті.
Еңбек жолын 2020 жылы аудандық полиция бөлімінде бастаған Берекет алғашқы жылдары жедел-криминалистика тобында қызмет атқарады. Үш жыл ішінде ол тәжірибе жинақтап, қылмысты ашудың қыр-сырын меңгереді. Өз ісіне деген жауапкершілігі мен еңбекқорлығының арқасында кейін учаскелік полиция инспекторының көмекшісі қызметіне ауыстырылады. Содан бері ол бұл міндетті адал әрі тиянақты атқарып келеді.
Қызмет барысында Берекет Сыдықов аудан аумағында орын алған бірқатар қылмыстың бетін ашуға белсене қатысқан. Атап айтқанда, ұрлық және есірткіге қатысты құқықбұзушылықтарды анықтауда нәтижелі жұмыс көрсеткен. Сонымен қатар жол-көлік оқиғаларына байланысты қылмыстарды ашуда да оның үлесі зор. Бір жылдың өзінде бірнеше осындай істің шешілуіне ықпал етуі – оның кәсіби шеберлігінің айғағы.
Әріптестері де жас маманның еңбегіне жоғары баға береді.
– Берекет – өз ісіне берілген, уақытпен санаспай еңбек ететін қызметкер. Жас болса да, қызметте үлкен жауапкершілік танытып келеді. Қазіргі таңда ІІ сынып дәрежесімен марапатталған. Кентте бес учаскелік инспекторға жалғыз көмекші болса да, барлығымызбен тең дәрежеде жұмыс атқарып жүр», – дейді учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Ардақ Бермішов.
Білікті маман отбасында тәрбиелі ортада өскен жан. Әкесі Жарылқаған мен анасы Қарлығаштың тәлім-тәрбиесін көріп, адалдық пен еңбекқорлықты өмірлік ұстанымына айналдырған. Төрт баланың үшіншісі болса да, ішкі істер органында қызмет етуді таңдаған жалғыз перзент.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
05 мамыр 2026 ж. 114 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 041
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 645

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031