» » Конституция құрдасы

Конституция құрдасы


Еліміздегі айтулы да айбынды мерекелердің бірі – Конституция күні. Биыл атаулы мерекеге 30 жыл толып отыр. Осы Ата Заң қабылданған жылы дүние есігін ашып, бүгінде түрлі салада қызмет етіп жүрген Конституция құрдастары аз емес. Соның бірі – Қармақшы топырағының түлегі, ел тыныштығының сенімді сақшысы Талғат Алмағанбетов.
Орда бұзар отыздағы Талғат Зиналапдинұлы аудандық полиция бөлімінің Тылмен қамтамасыз ету тобының старшинасы. Бала кезінен спортты жанына серік еткен ол, мектеп қабырғасын бітіргеннен-ақ облыстағы М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжіне «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығына оқуға түсіп, тәмамдаған.
– Тәртіп сақшысы болу – жан қалауым. Бала кезден елдің тыныштығын күзетсем деген арманым болды. Сол мақсатқа жету үшін спортпен айналысып өзімді шыңдадым. Темірдей тәртіпке бойұсынып, Отан алдындағы борышымды өтеуге 2015 жылы Көкшетау қаласында Ұлттық ұланда әскерде болдым. Одан кейін қоғамға, адамға қызмет етуді де басты борышым санап, бүгінде аудандық полиция бөлімінде қызмет етудемін, – дейді ол.
Конституция құрдасы Талғаттың қызметтегі еңбек өтілі көп болмаса да ісіне берілген маман. Ол жігерлі тәртіп сақшысы ғана емес, үнемі елдің тыныштығын тілеп, қауіпсіздігіне алаңдап отыратын ата-анасына адал перзент, артынан ерген бауырына үлгілі аға. Бүгінде ол қоғам алдындағы жауапкершілік екі есе деп түсінеді. Тәуелсіздік тірегі – Ата Заңның аясында алаңсыз білім алып, еңбек етуге мүмкіндік алып отырғанын мақтанышпен жеткізді.  
– Конституциямыз бекіп, зайырлы-құқықтық мемлекетке айналған уақытта дүниеге келгеніме қуанамын. Егемен еліміз өткеннің тағылымынан сабақ алып, ұдайы алға ұмтылуды мақсат етіп келеді. Мемлекет бізге өзіміз қалаған білім мен мамандықты алуға мүмкіндік берді, енді халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, елді қорғау біздің парызымыз. Біз ант қабылдап, ант береміз. Тәуелсіз еліміздің тыныштығын күзетіп, Ата Заңымызға адал қызмет ету – мен үшін абыройлы міндет, – дейді ол.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
02 қыркүйек 2025 ж. 134 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

№73 (10441)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 529
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 327

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031