» » Ұлық тұтар Ата Заң

Ұлық тұтар Ата Заң




Конституция - мемлекеттіліктің аса маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты. Мемлекет дамуының, ондағы әрбір азаматтың алаңсыз өмір сүруінің кепілі. Биыл Ата Заңымыздың қабылданғанына тура 30 жыл толып отыр.

Айтулы мерекеге орай аудандық музейдің ұйымдастыруымен "Ұлық тұтар Ата Заң" тақырыбында фотокөрме өткізілді. Фотокөрме ҚР қазіргі Конституциясы қабылданғанға дейінгі әр дәуірдегі сан түрлі жарғылар, ережелер, заңдар және заң шығарушы тұлғаларға негізделген.

Көрме барысында Сонау Қазақ хандығы тұсындағы хандар билігі, билер мен болыстардың төрелігі, бертін келе Патшалық Ресейдің шығарған заңдары, Қазақ КСР Конституциясы мен Алаш партиясының конституциялық міндеттемелері, тәуелсіздік алғаннан кейінгі қабылданған Конституция, оларға енгізілген өзгерістер мен жалпыхалықтық референдум жөнінде толық мәлімет айтылды, сәйкесінше суреттермен таныстырылды.

Көрмені мектеп оқушылары мен музейге келушілер тамашалады.
28 тамыз 2025 ж. 230 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 920
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 167

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930