» » МАРАПАТ МІНБЕРІНДЕ – МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ

МАРАПАТ МІНБЕРІНДЕ – МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ

Аудандық Шамшат Төлепова атындағы мәдениет үйінде Медицина қызметкерлері күніне арналған «Адам жанының шипагерлері» атты салтанатты шара өтті. Адам өмірі мен денсаулығын сақтауды басты мұрат еткен ақ халатты абзал жандардың еңбегін ұлықтауға арналған мерекелік кеш медицина қызметкерлерінің қоғамдағы орны мен маңызын дәріптеген әсерлі бейнероликпен басталды.
Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Шыңғыс Сыдықов медицина саласы мамандарын кәсіби мерекемен құттықтап, денсаулық сақтау жүйесінде атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды.
– Мемлекет басшысы, Үкімет және аймақ басшысының қолдауының арқасында ауданымыздың денсаулық сақтау саласында жүйелі өзгерістер жүзеге асуда. Соңғы жылдары Дауылкөл, Ақжар және Дүр Оңғар ауылдық округтерінде жаңа дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға беріліп, Қуаңдария мен Қармақшы ауылдарында фельдшерлік-акушерлік бекеттер салынды. Сонымен қатар, аудандық және Байқоңыр қалалық көпбейінді ауруханалары заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, соңғы үш жылда 15 жаңа жедел жәрдем көлігі халық игілігіне табысталды. Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің нәтижесінде медициналық қызмет көрсету сапасы артып, ана мен бала денсаулығын қорғау бағытында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілді, – деді ол.
Мерекелік шара барысында денсаулық сақтау саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлер облыс және аудан әкімдерінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Сондай-ақ аудандық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Нысанбаев үздік қызметкерлерге арнайы марапаттар табыстап, әріптестеріне ізгі тілегін білдірді.
Кеш барысында аудан өнерпаздары мен медицина қызметкерлері ән мен биден шашу шашып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ақ халатты абзал жандарға арналған құрмет кеші олардың қоғам алдындағы жауапты қызметіне деген зор ризашылықтың көрінісіне айналды.
Айта кетейік, бүгінде ауданымызда 700-ден астам медицина қызметкері халық денсаулығын сақтау жолында аянбай еңбек етіп келеді. Олар – адам жанының шипагерлері, ел саулығының сақшылары.
«ҚТ» ақпарат
20 маусым 2026 ж. 33 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№46 (10514)

20 маусым 2026 ж.

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 335
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 858

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930