» » ТАБИҒАТ ТАЗАЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ТОЛҒАНЫС

ТАБИҒАТ ТАЗАЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ТОЛҒАНЫС

Дала да лас. Ауа да лас. Сол-қайғы.
Уайым-шеңгел: өн бойымды торлайды.
Қара жерді сор баспасын деп тіле,
Сор басса ше?! Адамзат та сорлайды.
Сағал-сағал қоқыс тастап сағаға,
Қала берді, күл қалдырдық қалаға.
Жер де асыл анамыз ғой ежелден,
Ал ананы жаралауға бола ма?
Жер-ананы жараласақ – қасірет,
Шыбық әкел, шарбағыңды ашып, ек.
Жас шағыңнан жалқау болсаң, күні ертең,
Жанарыңнан тұрар дайым жас үдеп.
Көптің жайын алмай жүрміз көп ойға,
Біздердікі қу бас қамы, тек айла.
Бір ағашты аралаған сәтіңде,
Мың күніме балта шаптым деп ойла.
Лас ауа, үй маңыңның кір-шаңы,
Өкпеге өтіп, өн бойыңды құрсады.
Бүгін қылған адалдығың ғаламға,
Ол – ертеңгі амандығың...
Біл соны.
Ердәулет ОРЫНБАСАР
19 маусым 2026 ж. 174 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30