» » Көгалдандыру көптің ісі

Көгалдандыру көптің ісі

qarmaqshy-tany.kz «БІР ТАЛ КЕССЕҢ, ОН ТАЛ ЕК». ТУҒАН ЖЕРДІ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕККЕ АЙНАЛДЫРУДА ДӘЛ ОСЫ МАҚАЛДЫҢ ТУРАСЫНДА ӘРЕКЕТ ЕТСЕҢІЗ ЖЕТІП ЖАТЫР. СЕБЕБІ, АҒАШ – АДАМҒА ҚАЖЕТТІ АУАНЫ ТАЗАРТЫП, ОНЫ РЕТТЕП ОТЫРАТЫН ӨСІМДІК. СОНЫМЕН ҚАТАР ТАБИҒАТТЫҢ ТЕПЕ-ТЕҢДІГІН САҚТАП ТҰРАТЫН ДА ОСЫ АҒАШ. «БҰТАҚ ЖАЙҒАН АҒАШ ҚАРТАЙМАЙДЫ, ҰРПАҚ ЖАЙҒАН АДАМ ҚАРТАЙМАЙДЫ» ДЕЙДІ ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫ. СОҢҒЫ КЕЗДЕРІ ТАЛ ЕГУ ДӘСТҮРІ ЕЛІМІЗДІҢ ТҮКПІР-ТҮКПІРІНДЕ ҚОЛҒА АЛЫНЫП, ТИЯНАҚТЫ МӘН БЕРІЛУДЕ. МҰНЫҢ ӨЗІНІҢ ҚОҒАМҒА ПАЙДАСЫ ЗОР. ОДАН БӨЛЕК АДАМЗАТ БАЛАСЫНЫҢ ТАБИҒАТҚА ЖАСАҒАН СЫЙЫ БОЛЫП ҚАЛМАҚ.

Әлемде жасыл-желек 3 млрд гектардан астам жерді алып жатса, өкінішке орай адамзат қоғамы оның үштен екі бөлігін жойған. Қазір жер бетінің 75 пайызын алып жатқан ормандардың көлемі кеміген. Ал Қазақстан аймағында ормандық алқаптардың аумағы небәрі 4,2 пайызды құрайды. Оның басты себебі жеріміздің негізгі бөлігі құрғақ, жартылай шөлді. Орманды ағаштар көбіне еліміздің Солтүстік бөлігінде өседі. Жалпы Қазақстан ормандарының жартысынан астамын шөлді аймақтардағы сексеуілдер құрап жатыр. Алайда әртүрлі факторлардың кесірінен жасыл желегімізді сақтап қала алмай келеміз. Мәселен, биыл Семейде тілсіз жау 60 мың гектар орман алқабын отқа ораса, былтыр Қостанайда 43 мың гектар жасыл белдеу өрттің кесірінен жойылды. Ал осы алқаптарды қайта қалпына келтіру үшін қаншама ағаш отырғызылып, күтімге алынуы керек. Ол көп жылдық еңбекті қажет етеді.
Осыған орай жыл сайын елімізде көктем мен күз айларында ағаш отырғызу акциясы жүргізіліп келеді. Оның басты мақсаты – еліміздің экологияық ахуалын бірқалыпты ұстау үшін, қоршаған ортаға түсетін салмақты азайту, зиянды заттардың табиғат пен қоршаған ортаға тигізетін залалын төмендетіп, қала аумағында жасыл белдеу құру болып табылады.
Сенбі күні аудан халқы осы акцияға бір кісідей үн қосты. Аудан басшысы Жандос Еркінбекұлы бастаған ауданның зиялы қауым өкілдері мен құқық қорғау органы қызметкерлері бірге «ЖосалыЖалағаш» тас жолы бойына тал екті. Сондай-ақ іс-шараға аудан әкімдігінің аппараты, дербес бөлім қызметкерлері мен жергілікті кәсіпорындар өз үлестерін қосты.
Тал – бейбітшілік нышаны. Табиғаттың нәзіктілігін түсінген адамға оны қорғау қажеттілігін де еске түсіреді. Тал егу арқылы болашақ ұрпаққа табиғат анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындыру біздің парызымыз.
Іс-шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков акцияның өтуіне сеп болған азаматтарға ризашылығын білдіріп, туған жерді көркейтукөгалдандыруға тұрғындардың да үлесі қажет екенін айтты.
Пайғамбарымыз өзінің хадисінде ағаштың әрбір жемісі сол ағашты еккен адамға сауап болып жазылатынын, сондай-ақ сол ағаш кімдекімнің немесе қандай да бір тіршілік иесінің пайдасына асса, жемісін жеп, бір адам көлеңкесінде демалса, сауап жазылады, дейді.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
15 қараша 2023 ж. 417 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 281

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 376

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930