» » Білімдіден не пайда?

Білімдіден не пайда?

Адамның сырт келбетіне қарап оның жан дүниесін, ақыл-парасатын пайымдау мүмкін емес. Сырт көзге оғаш қылықпен танылса да, оның ішкі әлемі әдемі болуы мүмкін. Бірақ, көбіне сырт көзге қарағанда өте ұқыпты әрі ақылды көрінетін адамның бетпердесінің артында мүлде басқа кейіпкерді көріп жатамыз.
Қарапайым күздің алғашқы күндері. Көшеде өз шаруасымен асығып бара жатқан адамдар, темір жүрегі азынаған көліктің дауысы, күз табалдырықты аттаса да қиып кете алмай жүрген жаздың ыстығы. Өзгелердей емес, әр қадамымды асықпай басып ойға шомып келе жаттым. Адамдардың келбетіне қарап, олардың мінез-құлығына сараптама жасап келемін. Осылайша келе жатқанымда алдымнан бір ер азамат кездесті. Сырттай беделді, жауапкершілігі мол қызметкер секілді. Үстіне киген жидесі, былғары портфелі өзіне жарасып-ақ тұр. Кеңседе құнды да маңызды құжаттармен жұмыс істейтін адам деген ойға келдім. Ал кеңседе ылғи да ақылды, тәртіпті жандар еңбек ететіні айдан анық. Алайда, беделді кейіпкерім туралы ойым бірден өзгеріп шықты. Әлгі «ақылды жан» қолындағы шылымын жерге тастап, әрі қарай кете барды. «Қоқыс жәшігіне салса да болар еді» − деген ой қылт етті. Ешкімді елемегендей болып, денесін тік ұстаған бойы өз жолымен кете барды. Осылай адамның жақсы ойын су сепкендей басқан кейіпкерге іштей ренжіп тұрғанымда егде жастағы қария жердегі темекінің тұқылын алып, қоқыс жәшігіне салып алып, әрі қарай жүріп кетті. Дәл сол сәтте әлгі жан үшін де, өзім үшін де қалдықты көтермегеніме қатты қысылдым. Біреулер үшін түймедейді түйедей қылған шығармын, дегенмен мен үшін бұл жерге кірерліктей іс саналды. Беделі мен берері мол қызметте жүрсе де, қарапайым ұстанымды білмейтініне қайран қалдым.
Қоқыс тұрғанымен вирус. Біреу қоқысты тастап бастаса келесі күні сол жерде қалдық үйіліп-ақ кетеді. Солайша қоқыс қалдығы жинала береді.
Мекендеп жатқан жерімізді құрметтеуді ұмытпасаң оны тазалықтан босатасың. Жоғары біліміңнен не пайда, егер сенің қоқысыңды дипломы жоқ жан жинап жүрсе.

Аслан Нұразғали
03 қазан 2019 ж. 1 350 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031