Құрылтай
» » Адамнан айнымайтын робот жасап шығарылды

Адамнан айнымайтын робот жасап шығарылды

Ұлыбританияның "Engineered Arts" компаниясы инженерлері сырт келбеті адамнан айнымайтын робот жасап шығарды. Фред деген есімді иеленген роботтың шашы ақ, жүзі қызылшырайлы. Орта жастағы ол адамдар назарын өзіне аудармау үшін барынша қарапайым киінген. "Engineered Arts" компаниясы бұдан бұрын да адамдар демалатын саябақтарға арнап роботтар жасап шығарған болатын. Фред оларға мүлде ұқсамайды. "Жабайы батыс әлемі" сериялының жаңа бөлімі үшін жасалған "Android" контструкциясы негізінде құрастырылған. Инженерлер Фредке адамдармен сөйлесе алу мүмкіндігін де қосқан. Ол көзін тынбай жыпылықтату, есінеу, тынымсыз сөйлеу қабілетіне ие. Фредті жасауға 12 апта жұмсалған. Мыңдап жазылған бағдарламалардан бөлек инженерлер осы уақыт аралығында Фредтің қаңқасын жинап, акрилден көз қойып, сырт келбетін адам кейпінен аумайтындай етіп жасауға тырысқан. Фредтің прототипі – 55 жастағы лондондық актер Тедрой Ньюэлл. 
18 мамыр 2018 ж. 1 473 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31