» » Денсаулық - басты байлық

Денсаулық - басты байлық

Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы Қармақшы аудандық филиалының төрағасы Гүлжауһар Раева: - "Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаев денсаулық жүйесін дамыту ең алдымен, азаматтардың әл-ауқатын көтеруге бағытталғанын, өйткені медицинаның деңгейі мен қолжетімділігі - еліміздегі өмір сапасының негізгі көрсеткіші екенін үнемі айтып келеді" - деді.
Бірінші байлық - денсаулық. Ісіне адал, жауапкершілігі мол дәрігерлеріміздің еңбегі ерекше. Дәрігерлер болу - жүректің ісі десек, бүгінгі күні ауданымызда адал еңбегімен азаматтардың денсаулығын сақтаумен қатар ұлттық құндылықтарымызды насихаттауда қоғамның белсенді мүшесі ретінде де тіліміздің мәртебесін көтеруге тіл жанашыры боп атсалысқан шарамызға қатысып отырған сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады.
Бір топ сала белсенділеріне алғыс білдіріп облыстық, аудандық филиалдың Алғыс хатымен марапаттады. Медицина саласы қызметкерлерінің күніне орай Халықаралық "Қазақ тілі қоғамы" Қармақшы аудандық филиалы аудандық денсаулық сақтау саласы мамандарымен салиқалы басқосуда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мереков Асқар, қоғамдық кеңес төрағасы, "Қазақ тілі қоғамы" Қармақшы аудандық филиалының алқа мүшесі Құлдүйсенов Әбдірахман, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, алқа мүшесі Құндақбаев Шегебай, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері, алқа мүшесі Бердіғалиев Ақниет медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесі күнімен құттықтап, елімізде халық денсаулығын жақсартуда жасалып жатқан ізгі істерге шынайы лебіздерін білдірді.
Сонымен бірге ізгі тілектер легін жалғаған Жосалы обаға қарсы күрес бөлімшесінің дәрігер бактериологы Әлиханова Жадыра, Қармақшы аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы Бейбітов Нұрлан, Дүр Оңғар ауылдық дәрігерлік амбулаториясының мейіргері Қозжанова Бекзат медицина қызметкерлеріне көрсетілген осындай құрметі үшін ұйымдастырушыларға ризалығын білдіріп, кездесу жақсы жаңалыққа толы болды, аға буынның айтқан өнегелі сөздерінен үлкен сабақ алғандарын жеткізді.
Кездесуге келген медицина саласы мамандары алдымен музейді аралап көрді.
18 маусым 2026 ж. 50 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 323
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 848

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930