» » Ұлттық тілдің күші – ұлттық санада

Ұлттық тілдің күші – ұлттық санада

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалы өткен аналар мерекесіне орай аудандық Жыраулар үйінде бастауыш ұйымдарда мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге белсенді атсалысып жүрген бір топ қыз-келіншектерді қабылдады.
Жиында аудандық филиалдың алқа мүшелері, Қармақшы ауданының Құрметті азаматы Әбдірахман Құлдүйсенов, аудандық қоғамдық даму бөлімінің бас маманы Нұрлан Бейбітов, аудандық филиал төрағасы Гүлжауһар Раева тіл белсенділерін мерекемен құттықтап, облыстық, аудандық филиалдың Алғыс хатымен марапаттады.
– Көктемнің алғашқы күні алғыс айтумен басталса, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі де айналаға шуағын шашқандай нәзікжандыларды қуанышқа бөледі. Алда қазақтың Жаңа жылы да келе жатыр. Сіздерді осы көктемнің жылы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Тіл мәртебесін көтеруде сіздердің еңбектеріңіз зор. Туған елін, халқын, оның дәстүрін, мәдениетін шын сүйген адам ғана өз тілін құрметтейді. Әрқашан тілге жанашырлық танытудан тайынбаңыздар деп тілек білдіреміз, – деді филиалдың төрағасы Гүлжауһар Төлегенқызы.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
13 наурыз 2024 ж. 259 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930