» » Тіл жанашырлары марапатталды

Тіл жанашырлары марапатталды

5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдер мерекесі күніне орай«Қазақ тілі» қоғамы Қармақшы аудандық  филиалының ұйымдастыруымен «Ұлттың қуаты – тілінде» атты «AMANAT» партиясының залында мерекелік кездесу болып өтті. Кездесуге Қармақшы ауданының Құрметті азаматы, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, филиалдың алқа мүшесі Әбдірахман Құлдүйсенов, аудандық Қоғамдық Даму бөлімінің басшысы Ғарышбек Нысанбаев, филиалдың алқа мүшесі, Облыстық тілдерді дамыту орталығының Қармақшы ауданындағы мемлекеттік тіл оқытушысы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық «Үздік оқытушысы-2023» байқауының бас жүлдегері Гүлжанат Дүзенова және бастауыш ұйым жетекшілері, тіл белсенділері, БАҚ өкілдері қатысты.

Мерекелік кездесуді аудандық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрайымы Гүлжауһар Раева  мерекемен құттықтап, жиынды ашып, жүргізіп отырды. Әбдірахман Құлдүйсенов ағамыз кездесуге қатысушыларды Тілдер күні мерекесімен құттықтап, қазақ тілі мемлекеттің дамуы және ел болашағы үшін қаншалықты маңызды екендігін айтып, қазақ халқының ұрпағы үшін артында осыншама тіл байлығын қалдыра білген бабаларыздың жолын жалғастыратын нағыз тіл жанашыры болуға шақырды. Мемлекеттік тіл саясатының маңыздылығы, ауданда жүргізіліп жатқан игі жұмыстар туралы аудандық Қоғамдық даму бөлімінің басшысы Ғарышбек Нысанбаев сөз сөйлеп, мерекелік лебізін білдірді.

– "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы-тіл" деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ағартушы, қазақ тілі білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы, ғалым, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Бүгін барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тілдер мерекесін тойланып жатыр. Сондықтан Сіздерді бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Тіліміздің тазалығы, мемлекеттік мәртебесін көтеруге атсалысайық,- деді Аудандық филиалдың алқа мүшесі Гүлжанат Дүзенова.

Мерекелік кездесуде қазақ тілінің мәртебесін көтеруде мемлекеттік тілдің насихатын күшейту, әлеуметтік беделін арттыру, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жұмысын ілгерілету жолында еңбек етіп, бен жас ұрпаққа көрсеткен өнегелері үшін бір топтіл белсенділері Бірлестіктің Құрмет Грамотасымен, облыстық филиалдың Алғыс хаттарымен марапатталды. Қатсысушылар шарада өз пікірлерін ортаға салып, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты. Егеменді ел атанған Қазақстан мемлекетінің нышаны – қазақ тілімізді бүкіл тіршілігіміздің түп қазығына айналдыру әрбір ұлтжанды азаматтың басты міндеті.
06 қыркүйек 2023 ж. 340 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031