Құрылтай
» » Ұстаздар – тіл жанашыры

Ұстаздар – тіл жанашыры

qarmaqshy-tany.kz Тіл мәдениетін қалыптастыратын орта – ол білім беру саласы. Балабақша, мектептен жеткіншек өз ана тілін жетік меңгеріп, тілді бойына сіңіріп өседі. Ұлтымыздың тілі мен ділін, салты мен санасын, дәстүрі мен ғұрпын ұлықтай білетін нағыз тіл жанашырлары – ұстаздар.

Ұстаздар күні мерекесіне орай Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудандық Жыраулар үйінде «Ұстаздар – ана тіліміздің жанашыры» атты кездесу өтті. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, туған тіліміздің жанашыры болып жүрген ұстаздар қауымын төл мерекемен құттықтап, марапат жасалды. Аудандық филиалдың алқа мүшелері, ауданымыздың Құрметті азаматтары Ә.Құлдүйсенов, Ш.Құндақбаев және тіл белсендісі Н.Наурызбаева ұлттық рухты, тілімізді көтеруде ұстаздар қауымының орны ерекше екеніне тоқталып, іргелі жұмыстардың басында жүрген ұстаздарымызға алғысын білдірді. Аудандық филиал төрағасы Г.Раева құттықтау сөз сөйлеп, бір топ ұстазға Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етті.
Гүлнар БИСЕНҚҰЛОВА,
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық
филиалының қызметкер
10 қазан 2023 ж. 931 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 602
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 065

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31