» » Тіл жанашырларына құрмет

Тіл жанашырларына құрмет

Қазақстанда маусым айының әр үшінші жексенбісі – Медицина қызметкерінің күні. Бұл күні елімізде денсаулық сақтау саласы мамандары ерекше сый-құрметке бөленеді. Бұл мереке – медицина қызметкерлері үшін ғана емес, бүкіл халқымыз үшін де ерекше мейрам. Дәрігерлердің еңбегі ерен екенін әсіресе пандемия кезінде айрықша сезіндік. Уақытпен санаспай, науқастың жанын сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап, жанын сала еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандар қандай құрметке болса да лайық.
Осы орайда халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудандық филиалы да мерейлі мерекесінде медицина мамандары мен Жосалы обаға қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлерін қабылдады. Жиынға Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрағасы Гүлжауһар Раева, алқа мүшелері Шегебай Құндақбаев, Әбдірахман Құлдүйсенов қатысып, сала мамандарына ізгі лебізін білдірді.
Тіл жанашырларына мерекеге орай облыстық, аудандық филиалдың алғыс хаттары ұсынылып, сыйлықтар табысталды. Ізгі тілектер легін аудандық аурухана бас дәрігерінің БМСК жөніндегі орынбасары Айдос Жанали­­ев пен Жосалы обаға қарсы күрес бөлімшесіндегі «Қазақ тілі» қоғамы бастауыш ұйымының төрайымы Ажаркүл Нұрғалиева жалғап, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
«ҚТ» ақпарат
18 маусым 2024 ж. 327 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

№38 (10406)

24 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 856
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30