» » КІТАП – РУХАНИ ҚАЗЫНА

КІТАП – РУХАНИ ҚАЗЫНА

Тәйімбет Көмекбаев ауылында рухани өмірді байытқан тағылымды шара өтті. Атап айтар болсақ, ақын Бекжан Сүлейменовтің «Ауылдың дәмі» және Имран Лепесов пен Қанжарбек Сұлтановтың «Ізетті іні, қадірлі құрдас» атты кітаптарының тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды.
Рухани мазмұны терең іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев сөз сөйлеп: «Қай кезеңде болсын туған жерін ұмытпай, елдің рухани өміріне үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегі әрдайым құрметке лайық. Бүгінгі кітаптардың жарық көруі – ауданымыздың және ауылымыздың мерейі деп білеміз. Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кітап оқуды дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Осындай еңбектер сол игі бастамалардың жүйелі көрінісі деп есептеймін» деп атап өтті.
Сондай-ақ еліміздің руханиятына үлес қосып отырған азаматтарға аудан әкімінің Құттықтауы табысталды.
Кешке қоғам қайраткерлері Алмас Алматов, Ырзақұл Нұртаев, Мұратбек Жиенбаев арнайы қатысып, кітаптардың лентасын қиды.
Салтанатты жиында мектеп оқушылары ақын Бекжан Сүлейменовтің шығармаларынан өлеңдер оқып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленсе, жырауларымыз жыр жырлап, ұлттық рухты дәріптейтін термелер орындады.
«ҚТ» ақпарат
16 маусым 2026 ж. 104 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 075

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930