» » ЭКОЛОГТАР ЕҢБЕГІ – ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ҚЫЗМЕТ

ЭКОЛОГТАР ЕҢБЕГІ – ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ҚЫЗМЕТ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және Экологтар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік жиынға табиғатты қорғау, қоршаған ортаны сақтау және елді мекендердің тазалығы мен көркеюіне үлес қосып жүрген сала мамандары, ардагерлер мен мекеме қызметкерлері қатысты.
Іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев жүргізіп, жиналған қауымды кәсіби мерекемен құттықтады.
– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына әрдайым ерекше назар аударып келеді. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ауданымызда да жүйелі түрде жалғасуда. Аудан орталығындағы көшелер мен қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, тынымсыз еңбек етіп жүрген азаматтардың арқасында ауданымыздың ажары артып, тазалығы мен көркі келісе түсуде. Осы жауапты қызметтеріңіз бен адал еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Табиғатымыз түлеп, туған жеріміз гүлдене берсін, – деді ол.
Салтанатты шара барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоршаған ортаны қорғау ісіне және ел игілігі жолындағы жемісті еңбегі үшін бірқатар сала мамандары аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Тағылымды кездесуде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, су шаруашылығы саласының ардагері Темірбек Пернебаев және аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің Орманды қорғау және күзету бөлімінің бас инженері Бақытбек Санеев сөз сөйлеп, эколог мамандардың қоғамдағы маңызына тоқталып, өздерінің ақжарма тілектерін жеткізді.
«ҚТ» ақпарат
10 маусым 2026 ж. 195 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30