» » ЭКОЛОГТАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

ЭКОЛОГТАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің тапсырмасымен 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні және Экологтар күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Мерекелік жиынды аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев жүргізіп:

-Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына ерекше назар аударып келеді. Сондай-ақ Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ауданымызда да қарқынды жүзеге асырылуда. Аудан орталығындағы көшелерді, қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, тынымсыз еңбек етіп жүрген жерлестеріміздің арқасында ауданымыздың келбеті көркейіп, таза елді мекенге айналып келеді. Осы жауапты қызметтеріңіз үшін ерекше алғысымды білдіремін! Табиғатымыз көркейіп, киелі мекеніміз гүлдене берсін,- деді.

Салтанатты іс-шара барысында ел игілігі жолында абыройлы еңбек етіп жүрген бірқатар сала мамандары аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Тағылымды кездесуде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, су шаруашылығы саласының ардагері Темірбек Пернебаев және Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің Орманды қорғау және күзету бөлімінің бас инженері Бақытбек Санеев сөз сөйлеп, өз ізгі тілектерін білдірді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

06 маусым 2026 ж. 226 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 079
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 290

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031