» » ТАЗАРУ КҮНІ: КИЕЛІ МЕКЕНІМІЗДЕ ИГІ ІСТЕР ЖАЛҒАСУДА

ТАЗАРУ КҮНІ: КИЕЛІ МЕКЕНІМІЗДЕ ИГІ ІСТЕР ЖАЛҒАСУДА


Бүгін 23 наурыз – Жаңару күніне орай ауданымызда экологиялық бағыттағы тағылымды шара ұйымдастырылуда. Наурыз мерекесінің онкүндігі аясында «Қорқыт ата» кесенесі аумағында «Өзіңнен баста» атты тазалық акциясы өткізілді.

Игі бастамаға жастар мен еріктілер белсене қатысып, кесене маңында тазалық жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ аумақты қоқыстан тазартумен қатар, табиғатты көркейту мақсатында ағаш көшеттерін отырғызды.

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев сөз сөйлеп, қоршаған ортаны қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті. Аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Күлжауһар Раева да бұл бастамалар арқылы елді мекендердің келбеті көркейіп келе жатқанын жеткізді.

Акция соңында қатысушылар игі іске өз үлестерін қосты.
Тазалық пен жауапкершілік – әр адамнан басталады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

24 наурыз 2026 ж. 216 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930