» » Кесене айналасы көгалдандырылды

Кесене айналасы көгалдандырылды

Сенбіде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Киелі мекен» апталығы өтіп, ауданның барлық аумағында орналасқан тарихи ескерткіш пен саябақтарға, кесене мен қорымдарға санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен бастау алған игі іс-шараға аудан әкімі Жандос Еркінбек қатысып, арда- герлермен бірге үш жүзге пір болған Марал ишан кесенесінің аумағына тал отырғызды. Алдымен баба рухына Құран бағышталып, одан кейін көркейту-көгалдандыру бойынша ағаш көшеттері егілді. Былтыр демеушілік есебінен осында су ұңғымасы қазылып, аяқсу мәселесі толық шешімін тапқан-ды. Енді жасыл желекті суғаруда еш кедергі жоқ. Сенбілікте қорымның айналасы күл-қоқыстан тазартылып, көркем кейіпке енді.
Шара барысында аудан басшысы әр елді мекеннің тазалығы, сәулетті көркі тұрғындардың жанашырлығына байланысты екенін айта келе, жиналған жұртшылықты Мемлекет басшысының бастамасын бірауыздан қолдауға, туған жерді бірге көркейтуге шақырды.
Қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған акция ауданның барлық елді мекендерінде жалғасын тауып, мекеме, кәсіпорын қызметкерлері мен еріктілер тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосты.
«ҚТ» ақпарат
27 сәуір 2024 ж. 362 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 350
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 125

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930