» » ӨНЕРДІҢ ӨРІСІН КЕҢЕЙТКЕН ҰСТАЗ

ӨНЕРДІҢ ӨРІСІН КЕҢЕЙТКЕН ҰСТАЗ

Ұстаздық – ұлы мамандық. Ал өнер мен білімді қатар алып жүріп, шәкірт тәрбиелеу – екінің бірінің қолынан келе бермейтін қасиетті іс. Осындай саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнаған, музыка пәнінің мұғалімі – Күрішкүл Сарымсақова. Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған жан бүгінде еңбегінің зейнетін көруде.
Ол ауданға қарасты Ақжар ауылында дүниеге келген. 1982 жылы мектеп бітіріп, еңбек жолын туған ауылындағы «Ақбұлақ» сауыншылар бригадасынан бастаған. 1984 жылы Қызылорда қаласындағы Н.Гоголь атындағы педагогикалық институттың дайындық бөліміне қабылданады. 1985 жылы институттың музыка факультетінің «Музыка және қосымша педагогика» мамандығына оқуға түсіп, 1990 жылы бітірген. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап Тереңөзек ауданы, Ақжарма ауылында №130 мектепте мамандығы бойынша жұмыс істейді. 1995 жылдың қыркүйегінен Байқоңыр қаласындағы №275 орта мектепте музыка пәнінің мұғалімі болып, биыл абыроймен зейнетке шығып отыр.
Ұзақ жылдар бойы білім саласында еңбек еткен ұстаз тек музыка пәнінен дәріс беріп қана қоймай, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ерекше үлес қосқан. Әр шәкірттің бойындағы талантты танып, өнерге деген сүйіспеншілігін оята білді. Соның нәтижесінде көптеген түлектер өмірден өз жолын тауып, өнер мен мәдениет саласында биік жетістіктерге жетіп келеді.
Өнерге құштар ұстаздың тағы бір үлкен еңбегі – мектептегі «Балауса» театр үйірмесін жүргізуі. Театр сахнасында қойылған түрлі қойылымдар арқылы оқушылардың актерлік шеберлігі шыңдалып, сахна мәдениетінің қалыптасуына септігін тигізді. Әр қойылым көрермен көңілінен шығып, мектеп өмірінің жарқын сәттеріне айналды. Әріптестері арасында сыйлы, оқушыларына қамқор, өз ісіне адал азамат ретінде танылған ұстаздың еңбегі әрдайым жоғары бағаланды. Қарапайымдылығы мен адамгершілігі, жауапкершілігі мен шығармашылық ізденісі көпшілікке үлгі болды.
Бүгінде ардақты ұстаз зейнеткерлікке шықса да, оның тәрбиесін көрген шәкірттері мен әріптестерінің жүрегінде орны ерекше. Ұстаз еңбегі ешқашан ұмытылмайтынын осыдан-ақ аңғаруға болады емес пе? Ол кәсіби біліктілігін арттырумен қатар талай жетістікке жетіп, қалалық, аудандық, республикалық және халықаралық сайыстарда мектеп абыройын жоғары көтере білді.
Ұстаздықпен қатар, Күрішкүл апайымыз отбасында – асыл ана, аяулы әже. Ол – адамгершілік пен сыйластықты бірінші орынға қоя білетін адал жан, жастарға отансүйгіштік пен жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтарды сіңіре білген тәжірибелі ұстаз. Оның ұзақ жылғы еңбегі мен шәкірт тәрбиесіндегі табандылығы көптеген оқушылардың өмір жолын дұрыс таңдауына ықпал етті. Ұстаздың кәсіби шеберлігі, адамгершілік қасиеттері мен шығармашылық ізденісі әріптестері мен шәкірттеріне әрдайым үлгі.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
09 маусым 2026 ж. 123 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 266
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 803

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930