» » «Жеті қызым да – ұстаз»

«Жеті қызым да – ұстаз»


Бірақ анамыздың арманы жүзеге аспаса да, жанұядағы туған перзенттері оның арманын толықтай орындағанын бүгінде көріп отырмыз. "Анамыздың арманы мұғалім болу болған. Біздерді осы мәтебелі мамандыққа насихаттаған  да осы анамыз" деп ағынан жарылады олар.
Бірлігі жарасқан жанұяның ұл-қыздары бір-бір мамандықты игеріп, өмірден өз жолдарын тапқан. Бердіқұл аға мен Үрліхан ападан тараған ұлы Серік құрылыста еңбек етсе, 7 қыздың жетеуі де педагогика саласының білікті мамандары. Сондай-ақ 3 немересі, 2 күйеубаласы осы саладан ойып орын алса, 1 немересі педагогикалық білім алып, болашақта өмірін ұстаздықпен жал­ға­мақшы. Енді олардың әрбіріне жеке тоқталып өтсек.
Шаңырақтың үлкені – Жамал Жұмабаева Н.Гоголь атындағы педагогикалық инс­титуттың түлегі. Қазір Қызылорда қаласын­дағы №9 мектеп-гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі. Оның қызы – Лаура Қаймақбаева "Болашақ" университетінің филология факультетін бітірген. Ол да анасы қызмет ететін оқу орнында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. Осы отбасының келіні – Жанна Көшербаева Алматыдағы Қыздар педагогикалық университетінің бітірушісі. Бүгінде ол қаладағы Абай атындағы орта мектептің бас­тауыш сыныбында шәкірттер тәрбиелеуде.
Жанұяның екінші перзенті – Жеңіс Жұмабаева Н.Гоголь атындағы педаго­гикалық жоғары оқу орнын тарих және француз тілінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған. Көптеген жетістіктерге қол жеткізген тәжірибелі ұстаз №274 мектепте тарих пәнінің мұғалімі және директордың бейінді-бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары қызметін ұзақ жылдар  абыроймен атқарып келеді.
Отбасының үшінші перзенті – Сара Жұ­мабаева Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітіріп, еңбек жолын тәрбиешіліктен бастаған. Бүгінгі таңда Төребай би ауылындағы "Ақкөгершін" балабақшасының меңгеру­шісі болып бір ұжымды дөңгелетіп отыр.
Одан кейінгі – Клара Жұмабаева Ө.Бай­қоңыров атындағы Жезқазған пе­дагогикалық университетінен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын алып шыққан. Осы кезеңде Жезқазған политехникалық колледжінде ұстаздық етсе, Индира Жұмабаева да – жоғары білімді педагог. Т.Жүргенов атындағы №80 мектеп-гимназиясының оқытушысы. Ал алтыншы бала – Ақтолқын Жұмабаева Қызылордадағы №264 мектеп-лицейінің музыка пәні мұғалімі, белгілі өнер иесі. Қалалық "Үздік музыка пәнінің мұғалімі – 2020" байқауының жеңімпазы. Оның жолдасы – Ғарифолла  Якияев М.Мәметова атындағы жоғары колледжінің мұғалімі. Ерлі-зайыптылардың ұлдары – Хасен Зейнулла да ата-ана жолын таңдап, педагогикалық университеттің информатика пәні мұғалімі мамандығы бойынша ІІ курста білім алуда.
Тағы бір осы саланың майталманы әрі ұлттық өнердің жанашыры – Ботакөз Жұ­мабаева Алматы қаласындағы №133 мектеп-гимназиясында бастауыш сынып оқу­шыларын білім нәрімен сусындатып жүр. Оның құдай қосқан жары Орынбек Жақсым республикалық "Өрлеу" білім жетілдіру инс­титутында аға оқытушы болып қызмет етеді.
Атасы мен әжесінің сүйкімді немересі – Марина Жұмабаева да жоғары білімді мұғалім әрі Сыр еліне танымал қобызшы. Ол бүгінде №111 мектепте музыка пәнінің жетекшісі болып ұлттық өнерді насихаттап жүрген өнер иесі.     
– Әкеміз Тұрмағамбет ауылының тумасы. Туған жеріне, еліне  адал еңбегін сіңірген азамат. Жоғары білімді зоотехник еді. Зоотехник, парторг, тағы басқа да жауапты қызметтер атқарды. Сол кісі менен анамыздың берген тәрбиесінің арқасында осындай жақсы күнге жетіп отырмыз. Еңбек еткен адамның абыройлы болатынын әркез жадымызға жеткізіп отыратын. Ауылдағы үлкен кісілердің барлығы біздің әкемізді біледі. Бір емес,  бірнеше қызметті қатар алып жүрген кездері де болды. Үнемі белсенділердің қатарында жүрген. Ал анамыз сауда саласында қызмет етсе, рухани жағынан ұл-қыздарын жетілдіруден шаршамайтын. Білімге ден қоюымызға септігін тигізіп отырды, – дейді Сара Бердіқұлқызы.
Ұстаз болу – кез келгеннің қолынан келе беретін іс емес. Ол бала бақытын аялау, өз уақытын аямау.
– Мұғалім болсам деп армандап едім. Бірақ менің еңбек жолым сауда саласымен тоғысты. Өзім ұстаз болмасам да, балаларым, немерелерім сол қасиетті мамандыққа қол жеткізді. Ұл-қыздарымыздың бәрі өнерлі. Ол да болса Алланың берген нығметі болар. Мен бақытты анамын. Еліміздегі барша ұстаздар қауымын, оның ішінде білім саласында еңбек етіп жүрген балаларымды да мерейлі мерекелерімен құттықтаймын. Зор табыс тілеймін, – дейді ақын Үрліхан Өндібаева анамыз.
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА
04 қазан 2021 ж. 553 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 051

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031