» » Жаңбыр, найзағай және бұршақ: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Жаңбыр, найзағай және бұршақ: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

9-11 маусым аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Синоптиктердің болжамынша, батыс циклонның салдарынан елімізде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде жел күшейіп, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.
9-11 маусым күндері елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде, ал 11 маусымда оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын күтіледі.
Ауа температурасы өңірлер бойынша әртүрлі болады. Батыста күндіз +27...+35 градусқа дейін жылынса, солтүстікте +17...+28 градусқа дейін төмендеп, аптап ыстықтың беті қайтады.
Солтүстік-шығыс пен орталық өңірлерде ауа температурасы +25...+33 градус шамасында сақталады. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +27...+35 градусқа дейін жылынады. Шығыста аптап ыстық сақталып, сынап бағаны +32...+39 градусқа дейін көтеріледі.
08 маусым 2026 ж. 226 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30